Баянауылдағы бес қызық (фотодерек)

Павлодар облысының аумағындағы Баянауыл ұлттық паркінде ондаған геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық нысан бар. Олар ерекше қорғалатын табиғи территория санатына енген. Мұндағы кейбір геологиялық нысандар жайлы мәлімет ұсынамыз.

Қоңыр Әулие үңгірі

542c3d661f395da5428b470e.jpg

«Қоңыр Әулие» атауы әлемді, жануарлар мен құстарды құтқарушы Нұһ пайғамбар заманынан бар деген наным баршаға аян. Аңыз бойынша Дүниежүзілік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұһ пайғамбардың кемесіне белгіленген уақытта мінбей, кешігеді екен. Сол себепті кемеде орын болмапты. Сонда олар өлім аузынан аман қалу үшін үш бақанды жалғап байлап, бақанға отырып, пайғамбардың кемесіне байланыпты. Бүкіләлемдік ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалды. Алғашқы болып Қызыл Тау маңында үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып жұлынып кетеді. Бұдан тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөренесі ең биік тау Ақбетке соғылады екен. Кенже әулие Қоңырдың бөренесі соңғы болып, үңгір маңында орын тебеді. Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналады. Осындай табынуға үңгірдің түкпіріндегі киелі қазан себеп. Оның түбіне үнемі су жиналады екен. Бұл су барлық ауруларды, тіпті бедеулікті де жаза алады-мыс.

Қазіргі таңда үңгірді көруге мыңдаған туристер келеді. Үңгірден Баянауылдың керемет көрінісі ашылғандай.

Қоңыр Әулие үңгіріне көтерілетін баспалдақтардың ұзындығы 110 метрді құрайды. Әр 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң жасақталған. Екі камерадан тұратын үңгірдің жалпы ұзындығы 30 метр құрайды.

Найзатас шыңы

найзатас.jpg

Соғыс кезінде Найзатас шыңынан тұрғындар күндіз-түні тауларға жаудың келуін бақылап отырған. Мыңдаған адамдар мен ауылдар шабуылдан қорғану үшін таулы аймақтарда мекендеген. Шың басына тек бір жолмен көтерілуге болады. 700 метр биіктікте белдік тектес Қазан орналасқан. Оның ішінде суы бар. Шыңның пішіні найзаға ұқсағандықтан, оны Найзатас деп атайды.

Кемпіртас шыңы

7a897830bdba813f661c22ce470141f0.jpg

Бұл – туристердің ең көп баратын нысаны. Кемпіртас шыңының бірегейлігі оны табиғаттың өзі желдің, күннің, және судың күшімен, ертегідегі Жалмауыз Кемпір (Кемпіртас) бейнесін ұштап жаратқандығында. Кемпіртас шыңы Торайғыр көлінен Жасыбай көліне қараған жолдағы биіктеген нүктелерден көрінеді.

Саймантас шыңдары

13.jpg

«Саймантас» шыңдары – осында келетін демалушылардың ең сүйікті орындарының бірі. «Тас ғажайыптарының алқабы» деп «Ат басы», «Ожаутас», «Тақиятас» шыңдары аталып кеткен. Тас колонналар адам ағзасының сәби шағынан егде жасына дейінгі эволюциясын көрсетеді.

«Жазуы бар тастар»

19b0eb9d24694e98d465d253666f8fce.jpg

«Жазуы бар тастар» – түсініксіз таңбалар, суреттер, тотемдер. Олардың пайда болуы мен мәнін түсінбеген соң, адамдар тастарды магиялық күшке бөлеп, оларға мистикалық мән берген.

Жазулардан 15 фигураны көруге болады. Фиураалардың оны әртүрлі тұрыстағы адамдардың бейнелейді. Әсіресе, үш фигураның ер адамдар екендігіне еш күмән жоқ. Күмбездер мен қабырғалар тазалығымен ерекше. Бұл табынуға арналған заттарды сақтау орны болса керек.