Түркі елінің қара шаңырағы

Ақмола облысында «Қазақ даласы – түркі елінің қара шаңырағы» атты ғылыми-практиклық конференция өтті

2019 жылғы 22 қазанда Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ Даласы – Ұлы түркі елінің қара шаңырағы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өткен болатын.

Іс-шараның мақсаты - ұлы даланың тарихына, салт-дәстүріне, тіліне және біліміне деген қызығушылықты арттыру, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Қазақстан – түркі әлемінің бесігі» атты тармағының тақырыбын терең ашу, түсіну, наситаттау.

Конференцияға 270 адам қатысты. Олардың қатарында тарихшылар, ағартушылар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар, БАҚ өкілдері және шақырылған қонақтар.

Модератор Сырлыбаев Марат Қадырұлы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты. 

13.png

Ғылыми-практикалық конференцияның спикерлері: Ыбыраев Шәкір Ыбырайұлы – Халықаралық қатынастар факультеті, түркология кафедрасының профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Филология ғылымдарының докторы, Зайберт Виктор Федорович – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Шалабай Бердібай – филология ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ филология кафедрасының профессоры, Абуев Қадыржан Қабиденұлы – тарих ғылымдарының докторы, кафедра профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тарих және «Рухани Жаңғыру» кафедрасындағы тарих және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланғаннан бері түркі әлемін зерттеу қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңі ретінде ғана емес, сонымен бірге, ұлттың рухани әлеуетін қалыптастырудың, мәдениеттің және ұлттық идеологияның одан әрі дамуының қайнар көзі ретінде ерекше мәнге ие болды. 

16.png

Ақмола облысы әкімінің атынан құттықтау сөзінде «Бүгінгі конференция - түркітану саласындағы білімді жүйелеу және жаңарту бойынша уақтылы және маңызы зор бастама», - деді Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының орынбасары Кенжебаев Сабырхан Мейірханұлы.

Бүгінгі таңда өңірде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы іс жүзінде жүзеге асырылуда: «Қазыналы қазба – ұлт құндылығы» жобасы аясында археология бойынша белсенді зерттеулер, өлкетану бойынша маңызды жұмыстар, жазушыларға, өлкетанушыларға кітаптар мен еңбектердің жарық көруіне қолдау көрсетілген болатын Тарихшылардың бастамасымен мемлекеттілігіміздің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар туралы бейнероликтердің жасалды. «Ғасырлар аманаты» көрмесі мен көрме жобасының жүзеге асырылу жұмыстары (Ақмола облысының аудандарында тарихи-өлкетану материалдары қорынан көрме ұйымдастыру) қызу жүріп жатыр.

тақырыпсыз.png 

«Ботай – Бурабай» археологиялық және этнографиялық ашық аспан астындағы мұражай жобасы халық арасында танымал болуымен қатар, ғылыми қоғамдастықта оң бағасын алған болатын. Сондай-ақ, ғылыми-практикалық конференция аясында тарихшылар мен филологтарға арналған секциялық жұмыстар жүргізілді. Қазақстан тарихын зерттеу және еліміздің мәдени мұрасын кеңінен насихаттау маңызды жұмыс екенін атап өткен жөн.

Ақмола облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі