ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ 94-МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН АШТЫ

2019 жылдың 17-ші қазанында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры өзінің 94-ші маусымын ашты.

2019 жылдың 17-ші қазанында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры өзінің 94-ші маусымын ашты. Бұл маусымның басты жаңалығы – жаңа маусымның премьерамен ашылуы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Әлия Бөпежанованың аудармасындағы, Григорий В.Томскийдің «Аттила мен Аэций» қойылымы көрерменге жол тартты. Қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алма Арғын. 

photo5280726994570554419.jpg

94-маусымның ресми ашылуы алдында театр басшылығы мен ұжымы баспасөз конференциясын өткізіп, журналистерге жаңа маусымға жасалған жоспарлар, жаңалықтар мен өзгерістер жайлы ақпарат берді. БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген спикерлер:

1. Асанәлі Әшімов – театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері;

2. Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбдіхалықов – театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері;

3. Обаев Есмұхан Несіпбайұлы – Қазақстанның халық артисі, профессор;

4. Алма Жұмашқызы Кәкішева – қоюшы-режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

5. Жанұзақ Әкім – Халықаралық адам институтының президенті;

6. Қабдешев Қалиғұмар - фотограф, КСРО журналисттер одағының мүшесі, халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері;

Директор Сәбит Әбдімүтәліұлы аталмыш «Аттила мен Аэций» спектаклі Италияда өтетін фестивальге қатысуға жолдама алғандығын жеткізді. 

untitled.png

Айта кетейік, Аттила-Еділ қаған–батыс ғұндар мен еуропалық көптеген тайпалардың басын біріктіріп, үлкен қағанат құрған (б.з. 434-453 жж.), әлемдік тарихта ерекше орны бар тұлға. Бұл тақырыпқа осымен екінші рет оралып, бұл жолы жаңа туынды – белгілі аттилатанушы, француз жазушысы Б. Тюргэннің тарихи драмасын сахналап отырған театр интерпретациясында Аттила басқыншы емес, керісінше, Еуропада құл иеленушілік құрылыстың шайқалуына әсер еткен, ондағы халықтарға азаттық әперген ұлы қолбасшы, Ғұн-Рим империясын құруды армандаған көрнекті мемлекет қайраткері, діни сенімдерді қадірлейтін дипломат. Мұның түп тамырында оның ата-баба өсиетіне адалдығы, өмірлік және билік қағидаларына беріктігі жатыр. Бүгінгі күнмен үндесетін, таңбалық мағыналары мол қойылымда Аттиланың сүйікті жары Кере-коға махаббаты, римдік атақты генерал Аэциймен достығы да көркем көрініс тапқан.

Баспасөз конференциясынан кейін театр ұжымы халқымыздың ұлы перзенті – Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті. Толығырақ тарқатсақ, театрымыздың көркемдік жетекшісі, КСРО халықартисі, Қазақстанның «Еңбек ері», Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты – Асанәлі Әшімов, директордың кеңесшісі, Қазақстаның халық артисі, Парасат» орденінің иегері, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, професор – Есмұхан Обаев, театрымыздың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сәбит Әбдіхалықов, Қазақтың көрнекті қаламгері, драматург, Қазақстан Респбуликасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты – Дулат Исабеков; КСРО Журналистер одағының мүшесі, театрымызда жиырма жыл еңбек еткен ардагер фотограф Ғалиғұмар Қабдешұлы; ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және театр ұжымы
халқымыздың ұлы перзентінің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

photo5280726994570554420.jpg

Ашылу салтанатының жаңалығының бірі – театрдың мерекесін көрерменмен бірге тойлау үрдісін бастау болды. Үшін өнер көрсеткен «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің шәкірттері, екінші қабаттың оң жағында – Шәмші ауылында И. Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклінің әндерінен үзінді көрсеткен – Ерлан Біләл, Шынар Жанысбекова, Ғазиза Әбдінәбиева, Меруерт Омарбекова, Бақтияр Қожа, Айым Талғатқызы. Ал Мұқағали ауылында Б. Беделханың «Мұқағалимен сырласу» спектаклінен үзінді көрсеткен Ғалым Оспанов, Аян Өтепберген, Мейрамбек Тағанов, Асель Абдухамитова. Ал Абай ауылында – Асанәлі Әшімов, Айдос Бектемір, Торғын Тасыбекова, Бекжан Тұрыс, Гүлшат Тұтова, Рашида Хаджиева, Шәмшәгүл Мендиярова, Рахилям Машурова, Мұрат Нұрәсілов, Омар Қиқымовтар ұлы Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқыса, Бекжан Тұрыс пен Жоламан Әміров, Нұрлан Әбілов әндерін шырқады. Ал театрымыздың «Сырласу» бұрышында Баян Қажнабиева, Күнсұлу Шаяхметова, Айзада Сатыбалдиева, Анар Бөкенбай, Зәуре Көпжасарова сияқты театр артистері мөлдір өлеңдер оқып, көрерменнің көзайымы болды.
Сонымен қатар, театрымыздың «Музей» бөлімінің жетекшісі Наргиз Тамабекқызы келген қонақтарды суреттердің тарихымен таныстырады. Музей бөлімінде Шынар Асқарова, Нұржан Бексұлтанова, Саяжан Реалбланко сияқты артистер спектакльдеріндегі киімдерін киіп халықтың ортасында жүрді. Ал Алмас Шаяхметов пен Асан Мәжит «Қыз Жібек» спектаклінің арияларын орындады.

18.00-де – көрермендер мен қонақтарға арнайы Театр музейінің қорында сақталған, Музей жетекшісі Наргиз Тамабекқызы 70-90 жылдар аралығындағы М. Әуезов театры тарихынан сыр шертетін эксклюзивті фото көрмесі ұйымдастырды.

Ал 19.00-де көрермендер жаңа қойылымды тамашалап, театр мерекесінен жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі