11 Қараша, 2018
«Рухани келісім» саяси тұрақтылық кепіліне айналды

Астанада 18-қазан «Рухани келісім» күніне орай әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бас қосып, мерекені атап өтті.


Бүгінде елімізде 130-дан аса этникалық топ, 18 конфессия өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп , 3700-ден астам діни бірлестік қызмет жасауда.




"Құрметті қатысушылар сіздерді ең алдымен біздің осы 27 жылдың ішінде қол жеткізген ең әдемі мерекелердің бірі бүгінгі 18 қазан "Рухани келісім" күннімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасымыз айтқандай біздер көп ұлтты ел ғана емес сонымен қатар конфессиялы елміз деген, сол себепті де осы мереке халықты бірлікке, ынтымаққа әрі қарай жылжуымызға өте үлкен әсерін тигізіп отыр деп айта аламын", - деді сөз басында ҚМДБ төрағасының орынбасары наиб мүфти Бауыржан Есмахан.




Сонымен қатар, ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына тоқталды.




«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасында өткен аптада ХІ сьезд болды, оған біз бәріміз ат салысып, қатыстық. Ол жерде әлемдік дін басылары өз ойларымен бөлісіп, ішінара талқыладық. Біздің мұсылмандар басшылыққа алатын Құран кәрімнің өзінде Бужырат сүресінің 13 аятында Алла тағала адамзатқа ескерту жасаған. «Сендерді бір-біріңді жақсы тану үшін ұлттар , руларға бөлдім»  деген екен. Сондықтан, бұл бір- бірімізді тануға үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Рухани келісім көп ұлттар үшін маңызды сала болып қарастырылады, ал Қазақстан тұрақтылықты көрсетіп, ел дамуына өз септігін тигізуде. Көп ұлтты еліміз үшін біл күннің маңызы зор. Себебі Астана қаласында Елбамының бұйрығы бойынша үлкен этнос аралық , концессия аралық келісімдер нығайып, жиналыстар өткізуде.Осы іш - шаралардың маңыздылығын Үндістанның аса көрнекті жазушысы және қоғам қайраткері Рабинған Табудың «Әрбір ұлт өзінде бар жақсылықты жалпының игілігіне жұмсалуда» деген сөзінен көруге болады.Асыл рух- ұлт байлығы , ал оның жетістігі бір жақты жеке мүдделерге жеңе отырып әлем елдерімен келісіп, рухани бірігуге шақыру болып табылады. Қазақстанда даму жолы дұрыс таңдаған. Бұл саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге көмектесті», - деп түйіндеді ҚМДБ төрағасының орынбасары наиб мүфти Бауыржан Есмахан.




Осы отырыста Қазақстан тәжірибе алмасып, өзара түсіністік және адамдардың рухани бірлігін нығайтуға арналған алаң бола алатынын дәлелдеді. Бұл туралы бүгін елордада «Рухани келісім» күніне орай өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық иниститутының директоры, профессор Марат Башимов айтты.




«Рухани келісім» күніне қатысуға өте қуаныштымын. Ұлттар мен діндер және бір дінді наслихаттаушылар арасында келіспеушіліктің пайда болуының басты себебі олар қарапайым бір – бірімен сөйлесіп, өз ойларын араға салмағандығы деп есептеймін. Жаңалықтардан білетін болсаңыздар осы диолог жоқтығынан адамдар бір-бірімен соғысып, қатігездікпен өмірлерін қиып жатыр. Сондықтан еліміздегі тыныштықты бағалайық және оны сақтап қалу үшін осы жиындардың өтуі өте маңызды. Осылай біз келер ұрпаққа тәрбие береміз» - дейді профессор.




Сонымен қатар, ол рухани келісім мәселесінде еліміздің жеткен жетістіктерін де атап өтті.




«Өздеріңіз де білесіздер, Елбасының Жолдауында да айтылды, біздің болашағымыз – жастардың қолында. Ең басты мақсатымыз да, көздегеніміз де – тәрбиелі, өнегелі ұрпақ. Еліміздің тұрақтылығының арқасында оның барлық саласы дамып, өсіп-өркендеуде. 26 жылдың ішінде осы дәрежеге жеткеніміз – үлкен жетістік. Мұлылмандар, христиандар және еврейлердің бас қосқаны, еліміздегі рухани келісімнің, тұрақтылықтың, түсіністіктің, сыйластықтың бар және бір-біріне қолдау көрсете алатынын көрсетеді» - дейді ол.




Оның айтуына қарағанда, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жиынында да осы жағдайдың талқыланғаны орынды болған.




«Ең бастысы, менің Америкаға барған сапарымда түсінгенім, олар біз сияқты жиналмайды, бар болғаны өз ойларын Facebook әлеуметтік желісінде бөлісіп отырады. Бірақ, Астанада өткен атаулы іс-шараға әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері келгені әлемде осы проблема бар екенін дәлелдейді. Сонда елордамыз әлемдегі басты проблеманың шешілуінде аса маңызды рөл атқарып отыр. Маған заңгер ретінде оңай, себебі біз бірізділікпен жұмыс жасаймыз. Десек те, бұл ұлттық қауіпсіздікті нығайтып, достығымызды күшейте түседі», - дейді Марат Башимов.




Естеріңізге сала кетсек, бір апта бұрын Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасында ХІ съезд өтті.


ruh.kz
Ruh.kz