12 Ақпан, 2018
«Рухани жаңғыру»: Экономиканы жаңғырту процесстеріне маңызды идеологиялық қолдау көрсетуде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған тапсырмалар экономиканы жаңғырту процесстеріне маңызды идеологиялық қолдау көрсетіп отыр.


Бүгінде жастардың бойында болашақ қазақстандықтың сапасын тәрбиелеуге қатысты жаңа білім беру саясаты қалыптасуда.



 Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне 2025-ші жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру бойынша Іс-шаралар жоспары дайындалды.



Бұдан басқа, «Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында 800 атаудан тұратын оқулықтар тізімі әзірленді. Олардың ішінде әлемдегі ең озық 17 гуманитарлық оқулық қазақ тіліне аударылып, жарық көрді.



Ал, «Туған жер» жобасы аясында елімізде 700-ден астам іс-шара атқарылып, тағы да 300-ден астамы іске асырылуда. Меценаттардың есебінен 51 млрд. теңгеден астам демеушілік көмек алынды.



«Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша жалпыұлттық маңызы бар 183 және жергілікті маңызы бар 520 нысан анықталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 5 тіліне дубляждалатын 4 фильмді түсіру жұмыстары жүруде.



Жалпы, төл мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелдерде таныстыру үшін Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық мәдениетіміздің ең үздік жетістіктері таңдап алынды.


ruh.kz...