8 Сәуір, 2018
«Рухани жаңғыру» атты бейнебаян түсірген жас әншіге Министр көмек береді

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті Әлішер Қайратұлы «Рухани жаңғыру» атты бейнебаян түсіріп, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына хат жазды. Жас әнші хатында бұл әнді мемлекеттік бағдарламаның әнұраны етуді сұраған.


Жас әнші түсірген бейнебаянның негізгі мақсаты – жастар арасындағы рухани жаңғыруға қатысты ойды кеңінен қоданысқа енгізіп, аталмыш бағдарламаның құндылығын арттыру және насихаттау екенін айтқан. Әлішер орындаған әннің сөзін Ринат Зайытов, ал әуенін Арман Дүйсеновтің жазған. 



Осы ретте Әлішер Қайратұлының министрге жазған хатында: «Орындаушы және рух беруші ретінде бұл әннің Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының әнұраны болғанын қалаймын. Мен аталған бағдарламаны қолдау үшін сахнада өнер көрсетер едім. Сізден қолдау күтемін!» – делінген. 



Бейнебаян 12 наурызда жарияланған. 



Содан министр жас әншіге жауап беріп, аталған мемлекеттік бағдарламаның музыкалық сүйемелдемесі бар екенін әрі Ведомство «Рухани жаңғыруды» әнұран ретінде қолдануды мақсат тұтпайтынын айтты. Бірақ министр алматылық жас әншіге қодау білдіретінін жеткізді.



Сонымен қатар «жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында министрлік ҚР ақпарат және коммуникация министрлігіне сіздің бейнебаяныңызды қазақстандық арналардан ротациялауға жәрдемдесуді сұрап хат жіберді», – деді министр. 



Министрлік қызметкерлерінің «Қазақ әуендері» АҚ-қа жас әншінің әнін шараларда қоюды сұрап хат жолдағаны айтылды.


ruh.kz
AlisherKairatulyTV