11 Қараша, 2018
«Рухани жаңғыру» аясында балаларды кітапханаға бағыттау шарасы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде  көптеген жұмыстар Қазақстанның барлық аймақтарында жүріп жатқаны белгілі. Қостанай облысы Наурызым ауданында осы  бағдарламалық мақала аясында  мектеп оқушылары үшін жаңа тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия өткізілді.


Аудандық кітапхананың кітапханашысы Татьяна Васильеваның айтуы бойынша, мұндай іс-шаралар  ауданда оқушыларға арналған экскурсиялар жиі өтеді.



«Наурызым өлкесінің тарихы» атты тарихи-өлкетану мұражайына Докучаев және Жамбыл ауылының  орта мектептерінің 6-11 сынып оқушылары келіп тамашалады.



Демеушілердің қолдауымен  салған  мұражайының ашылуы, осыдан бір жыл бұрын Тәуелсіздік күнінің қарсаңында ашылған. Ал бүгін бұл ғимарат оқушылар мен  аудан тұрғындарын  қуантуда.



Мұражай өте қызықты. Соның ішінде Торғай бұғазында мекендейтін жәндіктер танымды көрсетілген. Оның ерекше табиғи құрылысы оқушылардың назарын бірден түсіп, жақсы әсер қалдырады. Балаларға мұндай заттар қызықты, - дейді жергілікті кітапханашы.



«Мұндай экскурсиялар өскелең ұрпақ үшін маңызды және қажет деп есептеймін. Патриоттық тәрбие , ұрпақтар байланысы ,  туған өлкенің тарихын білу үшін мұндай мекемелер болғаны дұрыс деп есептемін», дейді Т. Васильева



«Балаларға мұражайдың ең көне экспонаттары көбірек ұнайды. Олар оны ұзақ қарап, өзара талқыға салады, қызығушылықтарын арттырады. Менің ойымша оқушыларға ата-бабамыздың тұрмыс -тіршілігі , олардың тарихын толығырақ білуге тырысатын сияқты. Мысалы айта кетсек, біздің мұражайда ежелден қалған күйіз үй бар. Оның кереге, уық, шаңырақ сияқты бөліктері бәрі сақталған. Мұндай бейне тек оқушылардың ғана емес, барлық мұражайға келушілердің назарынан тыс қалмайды. Негізі мұражай және осындай тарих бетіне сілтейтін мекелелер көп болған дұрыс сияқты. Сонда ғана адамдар өз шығу тариғымен ерекшеліген ұмытпайды деп есептеймін», - дейді кітапханашы. 

 


ruh.kz
Ruh.kz