19 Мамыр, 2018
"Рухани жаңғыру" аясында кітапханашылар семинары өтті

2018 жылдың 18-сәуірінде Қостанай қаласындағы Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Қостанай облысы кітапханаларының жұмысы» атты облыстық көлемдегі семинар өтті. 


Ел президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қазақстандық барлық салада қоғамның дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалық мақаласын жариялағанына бір жыл толды. Жыл он екі айдың ішінде бағдарлама әр саладағы өзінің нақты бағыттарын анықтап алды. Осы ретте айта кету керек, «Рухани жаңғырдың» алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға республикадағы барлық мемлекеттік кітапханалар белсенді қатысып келеді. 



Қоғамда үлкен жаңаруға айналған бағдарламалық мақаланың «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» және «Рухани қазына» секілді кіші бағыттар жүзеге асырылуы тиіс келесі бағыттардан тұрады: «Туған жер», «Қазақстанның киелі географиясы», «Жаһандағы заманауи казақстандық мәдениеті», «100 жаңа оқулық», «Қазақ тілін латын қарпіне көшіру» және «100 жаңа есім». 



Мемлекеттік кітапханалар барлық алты бағыттарды жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді.  Бағдарламалық мақаланың іс жүзінде орындалуы үшін кітапханаларда дөңгелек үстелдер, қызықты және танымдылық шаралары өткізіліп, түрлі игіліктер іске асырылуда.  Семинарға аталған бағыттағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісу үшін облыстың ОКЖ кітапханашылары жиналды. Шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік кітапханалардың атқарған жұмыстарына жалпы шолудан басталып, кітапхана қызметіндегі түйткілді мәселелер мен жүзеге асқан жобалар турасына ойысты. 



 «Отаным - тағдырым» деп аталатын бағдарламалық мақаладағы екінші базалық бағыт білім саласындағы тәрбие мен білімнің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағытта отаншылдықты, туған өңірге, елге, ұлтқа, жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, өлкетануды дамыту, аймақтағы қасиетті орындарды насихаттау әрі оларды қалпына келтіру мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Облыс кітапханаларында бұл бағытта біршама жобалар жасалған. Мысалы, 2017 жылы «Туған жер» бағыты аясында Науырзым ОКЖ орталық кітапханасында «Наурзым жерінің тарихы - История Наурзумской земли» жобасы жүзеге асырылды. Жобаның қалай жүзеге асып жатқаны туралы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Васильева Татьяна Васильевна «Рухани жаңғыру - туған жерден  басталады» баяндамасында толық айтып берді. 



2017 жылдың 12-желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы қабылданды. Оның жасалуына Президенттің 2017 жылдың 31-наурызыныда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауындағы міндеттемелер негіз болды. 



Семинардың жұмысына Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы, қолданбалы математика және информатика магистрі Рак Олеся Валерьевна қатысты. Оның баяндамасы «Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін көтерудің мемлекеттің дамуына,  қазақстандық білім және мәдениетті жетілдіруге және цифрландыруға тигізер әсері» деп аталды. Баяндаманың мазмұны кітапханашыларды қатты қызықтырды және  отырыс барысында бірауыздан осы тақырып бойынша жеке семинар өткізу туралы шешім қабылданды. 



 «Туған жер» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Таран» акционерлік қауымдастығының библиографы ұзақ мерзімді «Өткенді сақтай отырып, болашақты жасаймыз» тарихи-өлкетану кітапханалық-өмірбаяндық жобасын жасады. Аталған жобаның мазмұны туралы Таран ОКЖ директоры Асанова Гауһар Жақсылыққызы өзінің «Рухани  жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» баяндамасында әңгімелеп берді. 



Жітіқара ОКЖ бірнеше жылдан бері «Жітіқара ауданы ауылдарының энциклопедиясы» өлкетану жобасы жұмыс істеп келеді. Ел Президентінің бағдарламалық мақаласы оған жаңа серпін берді. ОКЖ өлкетану жұмысының қалай жалғасып жатқаны, қандай жетістіктерге жеткені туралы Жітіқара ОКЖ Жітіқара аудандық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Яковлева Римма Анатольевна «Кітапхана – туған  өлке тарихын зерттеу және сақтау орталығы» баяндамасында ойын ортаға салды. 



Бағдарламалық мақаланың төртінші бағыты – «Қазақстанның киелі географиясы». Бұл жоба қоғамдағы ең танымал жобалардың біріне айналды. Жыл бойы әр өңір өзінің тамаша орындары, қасиетті мекендері, аңызға бергісіз тарихы бар киелі орындары туралы әңгімеледі. Қостанай облысы да аталған көштен құр қалмады. Біздің де көрсететін және әңгімелейтін дүниелеріміз жетерлік. Л. Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы АБҚБ «Қостанай облысының киелі жерлері мен нысандары», «Сакральные места и объекты Костанайской области» библио-картасын жарыққа шығарды. Семинарға қатысушылардың назарына АБҚБ ұлттық библиография секторының меңгерушісі Жанна Сидоровна Нам дайындаған тұсаукесер көпшілік назарына ұсынылды.  



Семинар Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының КДБ әдіскері Шайхығалиева Ұлжалғас Алпысқызының баяндамасымен аяқталды. Ол өзінің «Рухани жаңғыру – болашаққа қадам» баяндамасында  «Рухани жаңғыруды» жүзеге асыру үшін облыстың басты кітапханасында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны, алдағы уақытта орындалуы тиіс қандай айқын мақсаттары бар екендігі туралы айтып берді. 



Семинар ары қарай Таран ОКЖ кітапханалар күнімен жалғасты. Б.Майлинның жерлестері І. Есенберлиннің «Алтын Орда» романы бойынша театрландырылған көрінісін, «Жүрегіңде жүрер туған жер» атты мазмұны бай өлкетану және кітапханашылардың қолынан шыққан жұмыстардың «Қиял еркіндігі және кітапханашылардың шеберлігі» көрмесін ұсынды, «Бір кітапта өрілген Таран өңірі» әдеби-поэтикалық қонақжайын, «Ұлы даланың өрнектері» шеберлік сыныбын өткізді. «Әлеуметтік серіктестік: әрекеттестік шегі» баяндамасында Май үлгілі ауылдық кітапханасының жұмыс таныстырылды, шара «Талантты кітапханашылар қауымдастығы» әдеби-музыкалық бағдарламасымен аяқталды. 



Таран ОКЖ кітапханалар күні облыс кітапханашыларының көңілінен шығып, жақсы бағаға ие болды және кітапханада мерекелік ахуал жасауға септігін тигізді. Осындай игілікті істердің «Рухани жаңғыру» аясында атқарылып жатқанын барлық баяндамашы тілге тиек етті. 



 


ruh.kz
media.izi.travel