24 Қараша, 2017
«Рухани жаңғыру» аясындағы шаралармен 7 мыңнан астам қызылордалық қамтылды

Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 135 іс-шара ұйымдастырылып, оның аясында өңірдің 7 мыңнан астамы жастары қамтылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында белгілі болды.



Есепті кезеңде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2136 адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіби дайындау курстарына жолданды. Олардың 1500-і, яғни 70,2 пайызы – әйелдер. Оқу курстарын аяқтаған әйелдерді жұмыспен қамту мәселесі тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, «Бастау-бизнес» жобасы аясында 320 әйел оқытылды. Олардың 124-не несие берілді, 54-і өз кәсібін бастады.



Сондай-ақ, отырыста 2018 жылғы ақпанда БҰҰ-ның салалық комитетіне ұсынылатын Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы конвенцияның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының кезекті бесінші баяндамасының жобасы таныстырылды.



Жиын соңында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.


akorda.kz
ашық дереккөзден