7 Сәуір, 2018
«Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттауда әлеуметтік желілердің орны үлкен

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының жарық көріп, жарияланғанына бір жылдың жүзі болмаса да, қазақстандық әртүрлі медиаресурстар, әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы кең және жан-жақты талқыланып, насихат жұмыстары жүргізілуде.


Қазіргі таңда әлеуметтік желілер Интернет қолданушылардың ең көп тұтынатын ресурстардың бірі ретінде танымал. Мәселен, Digital in 2017 соңғы мәліметтеріне сүйенсек, дүние жүзі халқының үштен бірі, яғни 2,5 млрд-қа жуық адам әлеуметтік желілерге ұялы гаджеттер арқылы кіретін көрінеді. Сонымен қатар, әрбір интернет-пайдаланушы күнделікті әлеуметтік желілерде кем дегенде 2 сағат және 19 минутқа жуық уақыт отырады.



Сондықтан да қазіргі қоғамдық сананы жаңғырту ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды өсуіне ықпал етеді, ал ол өз кезегінде тек құндылықтар мен басымдықтарды ғана емес, сонымен қатар, талқылау форматтарын мен тақырыптар мазмұнын да өзгертеді. Ал Қазақстан азаматтары, әсіресе, жастар онлайн пікірталастар мен пікіралмасулар режиміне ауысуда. Осыған орай, Елбасымыздың өзі атап өткендей, "жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді", - деген болатын.



Сонымен қатар, қазақстандықтардың арасында Интернет пайдаланушыларының жоғары деңгейін ескере отырып, бағдарламалық мақаланы талқылаудың тиімді құралдарының қатарына түрлі әлеуметтік медиа құралдардың (Instagram, Facebook, YouTube, Twitter, Вконтакте және басқа да блогтар) алаңдарын қосуға толық негіз бар.



Сондықтан, әлеуметтік желілердегі ақпараттарды талдау қызықты бағыттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ, көптеген зерттеушілер үшін де әлеуметтік желілердің мәліметтерінің қызықты болуы микроблогтардағы хабарлардың пайда болуы нақты уақыт режимінде жүзеге асуымен байланысты. Әлеуметтік желілердегі пікірлерді қоғамның түрлі топ өкілдері білдіреді, ол азаматтардың ұстанымын танытады.



2017 жылдың сәуір-қараша айында Институт жүргізген әлеуметтік медианы талдау негізінде бағдарламалық мақаланың талқылаудың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:



Біріншіден, "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын белсенді талқылау байқалады. Мақаланың бағдарламалық жобаларын талқылау үрдісі мен көпшіліктік пікірталастар оның жеке тармақтары шеңберінде тоғысқан. Атап айтқанда, қоғамдық пікірталастар қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі мен "Туған жер" жобасы мәселесіне қатысты белсенді жүзеге асты.



Әлеуметтік медиа пайдаланушылар "100 жаңа есім" жобасына да қызығушылық танытып, шешуші рөл атқарды.



Екіншіден, жарияланымдар ең көп саны әлеуметтік желілер бойынша Facebook алаңында орын алған, ол – 73%, тақырыптың талқылануы негізінен сараптамалық қоғамдастық тарапынан басым болды.



Үшіншіден, әлеуметтік медианың негізгі ерекшеліктерінің бірі тақырыптық хэштегтерді пайдалану мүмкіндігімен байланысты.



Төртіншіден, "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының жекелеген бағыттарын онлайн талқылау түрлі онлайн-форумдар арқылы кең таралды, оларды орталық мемлекеттік органдар да, жергілікті атқарушы органдар да белсенді түрде ұйымдастырып отырды.



Осылайша, әлеуметтік желілерде бағдарламалық мақаланы қоғам тарапынан талқылау мен талдаудың жеткілікті белсенділігін байқауға болады.


ruh.kz