21 Қараша, 2017
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына батысқазақстандық жастарда өз үлестерін қосуда

Оралда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Жаңа толқын – 2017» БҚО жоғарғы оқу орны студенттерінің шығармашылық фестивалі өтті.



«Облысымызда ЖОО-да және арнаулы оқу орындарында 57 мыңдай студенттеріміз бар. Міне солардың бастарын біріктіріп отыратыны – студенттердің шығармашылық ұйымдары. Осы шығармашылық ұйымдардың дамуы еліміздің дамуымен тепе-тең деуге болады. Бұл өз кезегінде батысқазақстандық жастардың  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен», «Туған жер» кіші бағдарламарының аясындағы шараларға қосқан үлесі ретінде қарастыруға болады», - деді «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асхат Өкшебаев.



Атап өтер болсақ, фестивальдің мақсаты – студент жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оқу орындарының бірінші курс студенттері мен шығармашыл топтары арасында достық байланыс орнату, дарынды орындаушылар мен ұжымдарды анықтау.  



«Бұл байқауға өзімнің төл туындым, «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Атамекен» саласы бойынша өзімнің жерімнің, Қазақстанның барлық облысын қамтып, солардың әрбір тасының, әрбір жерінің бізге құндылығы, солардың қасиеттілігін дарыту үшін, соны халыққа көрсету үшін «Байтақ далам» атты рухани-патриоттық шығармамды алып келіп отырмын», - деді байқауға қатысушы Мадияр Аруманов.



Шараға қаладағы түрлі жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан 400-ден астам дарынды жас қатысты. Аталмыш фестиваль 11 аталым бойынша өтті: заманауи әндер, патриоттық әндер, хореография, КВН, режиссура, "Менің оқу орным" атты үздік бейнеролик жәнет.б. Сонымен қатар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. 


ruh.kz