24 Сәуір, 2018
Рухани жаңғыру космосты игеруде...

Ақмола облысының Ақкөл ауданында орналасқан «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Ақмола облысының дарынды балаларына арналған төрт мектептің оқушылары, олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздары үшін экскурсиялық тур ұйымдастырды.


Бұл шараның мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында өскелең ұрпақты бәсеге қабілетті, техниканың тіліне жетік етіп тәрбиелеу. Сол арқылы қазақстандық заманауи мәдениетті жаһандық талаптарға сай қылу. Соның бір мысалы ретінде, Республикалық ғарыштық байланыс орталығының президенті Виктор Лефтер мектеп оқушыларына арналған «Ғарыш қақпаларын» ашты.



Кешен директоры Шоқан Свогузов орталық қызметкерлерімен бірге экскурсия өткізіп, балаларға жерүсті комплексінің барлық жүйелері толық автономды және тәуелсіз болып табылатын ғарыштық техниканы басқаруға арналған соңғы технологиялық жабдықтармен таныстырды.



Таныстырылымнан кейін Ақкөл музыкалық мектебінің негізінде орталықтың қызметкерлері мен оқушылар арасында қызықты сұхбат алаңы ұйымдастырылды.



Диалог барысында оқушылар ғарыш кеңістігі техника мен жаңа технологияларды дамытудың ең маңызды саласы екенін, және біздің аэроғарыштық күштеріміздің алар орнын білді. Сондай-ақ, олар ғарыш кеңістігін зерттеу мен жаңа технологияларды, спутниктік жүйелер мен ғарыштық техниканы әртүрлі мақсаттарда дамытумен жеткен жетістіктерді алдыңғы ұрпақтың еңбегі екендігін ұқты.  



Орталық қызметкерлері өз кезегінде қазіргі таңдағы жас адамның құндылық иерархиясында жоғары білім алуды, білімнің негізгі құндылықтардың бірі ретінде қазіргі заманғы қоғамда пайдалы болуының және уақыттың стандартына сай жоғары білімді, бәсекеге қабілетті тұлға болу екендігін атап өтті.



Кездесудің жарқын сәті ретінде, мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының шығуының бір жылдығына орай, оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты идеясының мақсаттарын қолдау үшін спутниктік байланыс арқылы космосқа хабарлама жолдады.


ruh.kz
http://burabay.akmo.gov.kz