7 Қараша, 2017
Рухани жаңғыру: Өскеменде «Altai’» телеарнасы таныстырылды

Жаңа маусымда тың жобалармен көрермендерге жол тартқан «QAZAQSTAN» телерадиокорпорациясының ШҚО бойынша филиалы енді жаңа атаумен шықпақ. Бүгін облыс тұрғындарына ребрендингтен кейін жаңарған «Altai’» телеарнасы таныстырылды, деп хабарады Аймақтық коммуникациялар қызметі. 


«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау тұрғысынан алғанда бұл – дәл уақытында жасалған қадам. «Қазақстан» корпорациясының барлық медиаресурстарды бір логотип аясында біріктіріп, атауларын бірыңғай  латын әріптерімен таңбалауы -  құптарлық шешім. «Қазақстан-Өскемен» телеарнасын «Алтай» деп өзгерту орынды. Өйткені, Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі. Шығыс Қазақстан – Кенді Алтайдың, өр Алтайдың жүрегі», – деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.



Айта кетсек, жаңа маусымашарда «QAZAQSTAN» телерадиокорпорациясында орын алған ребрендингтен кейін бірқатар телеарналардың атауы өзгертіліп таныстырылуда. Бүгін «Altai’» телеарнасы жетінші болып жаңа маусымға аяқ басты.



Өскемен қаласында 1958 жылы 16 наурызда ашылған тұңғыш телевизиялық студия еңбек жолын мемлекеттік саясатпен тікелей байланыстырған. Жергілікті биліктің қолдауымен шығысқазақстандықтар облыста және елде болып жатқан соңғы жаңалықтардан үнемі хабардар. Жаңа маусымда көгілдір экран арқылы көрермендерге жол тартқан жобалар қазірдің өзінде аудиторияны баурап үлгеруде.


ruh.kz