18 Қыркүйек, 2017
«Рухани жаңғыру» жалпы республикалық жастар акциясы «Бәйтеректен» басталды 

Бүгін Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі жанында республиканың 15 аймағынан бір уақытта 1000-нан астам белсенді жастың қатысуымен «Рухани Жаңғыру» жалпы республикалық жастар акциясы басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентттігі.



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау және қоғамдық сананы жаңғырту процесіне жастарды белсенді түрде жұмылдыру мақсатында бүгін басталған акция 22 қыркүйекке дейін жалғасып, білім, асар, тағзым, өнер сияқты төрт бағытта өтеді.



https://baq.kz/storage/99/99c698a1b588a8a882291fa4d0897431.JPG" style="height: 600px; width: 900px;" />



«Білім» бағытында жастар ұлттық дәстүрді, туған жердің тарихын білу бойынша викториналар мен пікірталастар өткізеді. Акцияның «Асар» бағыты зейнеткерлерге, егде жастағы жалғыз басты жандарға және балалар үйлеріне көмек көрсетуді көздеп отыр. «Тағзым» бағыты болса киелі орындарды абаттандыру, ағаштар отырғызуды мақсат тұтқан. Ал акцияның «Өнер» бағыты бойынша барлық қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдық округтерде әртүрлі субмәдениет өкілдерінің қатысуымен жастар фестивалі өтеді.



https://baq.kz/storage/83/83d8d37542044f731ffcb978f22a8a37.jpeg" style="height: 602px; width: 900px;" />



Акция финалы 22 қыркүйек 18.30-да Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауында өтеді.



https://baq.kz/storage/7b/7b4020c4b2eaabc9fba734d6d3d7ed3f.JPG" style="height: 600px; width: 900px;" />



Айта кетейік, айтулы акцияны ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары бірлесіп ұйымдастыруда.



 



 



 


Baq.kz