7 Қыркүйек, 2017
Рухани жаңғырудың негізгі ұстыны – біртұтас ұлт болу

Елбасының жаңа мақаласына орай елінің ертеңіне елеңдеген озық ойлы азаматтар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар үн қосып жүрекжарды пікірлерін білдірді


 



Бұл күндері Мемлекет басшысының ел өмірінде жаңа қадамдарға негіз қалайтын нақты міндеттер жүктеген  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы кеңінен талқыланып жатыр. Осы орайда елінің ертеңіне елеңдеген озық ойлы азаматтар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар үн қосып жүрекжарды пікірлерін білдірді.



http://e-history.kz/media/upload/ckimages/Alibek-Askarov.jpg" style="margin-left: 10px; margin-right: 10px; float: left;" />



Әлібек Асқаров, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры:



Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!



Біз – кітапханашылар, библиографтар, архивистердің ұжымы болып отырған Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы атынан рухани жаң­ғыруға байланысты болашаққа бағдарымызбен танысып, бар­шамыздың зор қуанышқа бөленіп отырғанымызды Сізге жеткізгіміз келеді.



Бұл бағдарды зиялы қауым көптен күткен. Көктем шуағымен жеткен жақсылық хабардай болды. Жыл басында жарияланған туған еліміздің Үшінші жаңғыруы басталған соң саяси және экономикалық жаңғыруды жарияладыңыз. Өзіңіз айтқандай, етек-жеңімізді жинап, экономикамызды нықтап алсақ, қалған игіліктер де рет-ретімен жүзеге аса жатар деген сөзіңіздің орындалып жатқанына куә болудамыз.



Бірақ бұл жолғы рухани жаңғырудың жөні бөлек, маңызы еліміз үшін айрықша екені даусыз.



Оның негізгі ұстыны – Біртұтас Ұлт болу жолына көшіп, кемел келешегімізді жан-жақты әрі терең зерделеуге арналып отыр.



Болашақты баянды ету жолындағы бұл теңдессіз тарихи мүмкіндікті біз барынша пайдаланамыз деп уәде береміз. Осы жолда барша кәсіби білімімізді, қайратымыз бен күш-жігерімізді аянбай жұмсаймыз деп Өзіңізді сендіреміз.



 



Жәкен Таймағамбетов, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары, ҚР ҰҒА корреспондент http://e-history.kz/media/upload/ckimages/590.jpg" style="margin-left: 10px; margin-right: 10px; float: right;" />мүшесі, профессор:  



Аса мәртәбелі Нұрсұлтан Әбішұлы!



Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ауқымды ұжымы Сіздің ұғынықты түрде жаңа идеологиялықтұғырнама тұжырымдалып, Қазақстан қоғамын рухани жаңғыртудың құнды басымдықтары белгіленген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңызбен мұқият таныса келіп, оны бірауыздан қолдайды.



Бағдарламалық құжаттың арқасында алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылуда, бұл түптеп келгенде, Ұлттық музейдің ұжымын дамудың бәсекеге қабілетті деңгейіне шығарып, әлемдегі әйгілі музейлер арасында өзінің орнын табуға мүмкіндік береді. БізСізбен әрдайым біргеміз!



 



http://e-history.kz/media/upload/ckimages/3cae4a046f42cfebdaf40ef0241b51e1-324x235.jpg" style="margin-left: 10px; margin-right: 10px; float: left;" />



Сейітқали Шалабаев, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор:



Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!



Сіздің БАҚ-та жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда қозғалған озық ойларыңыз бен жаңашыл көзқарастарыңызды, жас ұрпақты тәрбиелеп отырған Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұжымы бірауыздан қолдайды.



 Ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық рух ең басты құндылықтарымыз. Осы мақалаға өзек болған ел болашағы, ұлт тағдыры, сондай-ақ жас ұрпақ үшін аса маңызды істерді жүзеге асыруға және ұлттық құндылықтармен сусындаған саналы ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімізді қосамыз деп сенім білдіреміз! 



 


e-history.kz