31 Қазан, 2018
Ruh.kz жариялаған байқау аяқталды!

Қатысушылар жіберген барлық жұмыстар тексеріліп, жеңімпаздар анықталуда!


«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жазғы айларда Республикалық өлкетану акциясы ұйымдастырылған еді. Аталмыш акцияның ұйымдастырылуына мұрындық болған орталық - Республикалық «Рухани жаңғыру» жобалық басқару кеңсесі.



Республикалық өлкетану акциясына еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан аса мектеп оқушысы қатысты. Түрлі аймақтардағы мектеп оқушылары акция барысында ұлт тарихынан сыр шертетін қасиетті һәм тарихи орындарға барып, көңіл көкжиектерін кеңейтті.



Қыркүйек айында Ruh.kz порталы эссе жазу бойынша конкурс жариялаған еді. Бәйгенің басты мақсаты – Республикалық өлкетану акциясына қатысқан оқушылардың алған әсерімен бөлісуіне мүмкіндік жасау, бәсекелестікті арттыру, балалардың жазу қабілетін салыстыру.



Аталмыш бәйге өз мәресіне жетті. Электронды поштаға барлығы 453 жұмыс келіп түскен. Жұмыстарды саралау барысында көшірілмеген, қайталанбаған жұмыстар саны 253 болды. Оның 238-і қазақ тілінде жазылса, 15-і орыс тілінде жазылған.



Жуырда үздік атанған қатысушылар Ruh.kz порталында жарияланады.



Үздік жұмыстарымен ерекшеленген оқушылар мен олардың жетекшілері сертификаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Ruh.kz
Ruh.kz