17 Қыркүйек, 2020
Рухани сапарға кімдер қатыса алады?

Қарағандылық қоғам белсенділері рухани сапарға аттанды 

«Ақжол» партиясы ұйымдастырған экспедиция ұлы Абайдың ізімен ел ішін аралап, һакімнің еңбегін басқа қырынан зерттемек, деп хабарлайды «Хабар 24». Арқадан Жидебайға дейінгі аралықта орналасқан ондаған елді мекенге соғып, жұртпен тілдесіп, ұлы ойшылға қатысты тың мәліметтер іздеуді мақсат еткен.

Бейбіт Құлмағанбет, «Ақ Жол» демократиялық партиясы Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары:

– «Абай және Парламентаризм», «Абай және көппартиялық жүйе», «Абай және демократия» деген сынды мәселелерді айтқан кезде қазіргі терминологияға Абай атамыздың еңбектері жауап бермейтін сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ Абайдың еңбектері астарлы екенін білесіз. Сол құнды еңбектердің әлі де зерттелмеген жақтарын анықтап, ұлттың жаңа кейпін табу – біздің автошерудегі басты мақсатымыз.

Сұлтан Мұстафин