22 Қараша, 2020
«Рухани жаңғыру» апталығы қалай өтті? (фоторепортаж)

2020 жылдың 16-21 қарашасы аралығында №81 «Astana English school» мамандандырылған гимназиясында 4-11 сыныптарға арналған «Рухани жаңғыру» апталығы өтті. 

DSC_0269.jpg

Апталық оқушылардың оқу режиміне сай 4-сынып оқушыларына офлайн, қалған сыныптарда онлайн форматта өтті.

DSC_0261.jpg

Оқушылар 5 күн бойы Елбасы бағдарламалық мақаласының қағидаларымен танысты.

DSC_0172.jpg

Аталмыш апталық «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өтті.

DSC_0153.jpg

Сондай-ақ оқушыларға танымдық, ақпараттық, ойын, дебат, сұхбат форматындағы ашық сабақтар өткізілді.

DSC_0115.jpg

Апталықтың бірінші күнінде оқушыларға жаппай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы түсіндірілді.

DSC_0229.jpg

«Прагматизм» бағыты бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен онлайн кездесу ұйымдастырылды. 4-сынып оқушылары еліміздің киелі нысандарына квест тур жасады.

DSC_0245.jpg

9-11 сынып оқушыларына «Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында аталмыш жоба жеңімпаздары: кардиохирург Бауыржан Рақышев, физик Нұрхат Жәкиев, суретші-мультипликатор Қанат Нұртазин және институт қызметкері, экономист Руслан Беген сұхбат берді.

DSC_0238.jpg

«Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында. Жастардың көзімен» атты ағылшын тілінде дебат өткізілді.Апталық барысында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу онлайн байқауы, ұлттық дәстүр мен ойындар жарысы өтті.

DSC_0248.jpg

Апталықтың соңында оқушылар заманауи қазақстандық оқушылардың келбетін жасап, «Рухани жаңғыру» мақаласынан түйген ойларымен бөлісті.

Ruh.kz