8 Қаңтар, 2020
«Рухани жаңғыру» КеҚДИ талдамалық қызметі бойынша кеңесті онлайн-трансляция өтеді


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Министрлік басшылығы мен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты өкілдерінің қатысуымен кеңестің онлайн-трансляциясы өтетіндігін хабарлайды. Кеңесте 2019 жылғы қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы талдамалық жұмыстың қорытындылары баяндалады.

Кеңес барлық мүдделі құрылымдарға, сондай-ақ халыққа Қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметін таныстыру мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты, Сіздерді 2020 жылғы 9 қаңтарда сағат 17.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) өтетін онлайн-трансляцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Онлайн-трансляция Министрліктің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде қолжетімді болады.

Белгілі бір сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 74-25-65, 74-19-96 (Бозшаева Ақмарал).

Фото - ашық дереккөздерден