2 Қыркүйек, 2020
#руханижаңғыру. Тамыз айының үздік 10 жазбасы

Тамыз айының үздік 10 жазбасын назарларыңызға ұсынамыз! 

Х орын

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сілеті - еліміздегі ең таза өзендерінің бірі. Бестөбе шатқалы елордадан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Бұл жер неге «Сілеті» деп аталады?⠀ Қазақ тілінің этимологиясымен айналысқан ғалымдар «Сілеті» сөзін моңғолдың «чулуты», яғни қазақша «тасты» деген сөзінен шыққан дейді. Бұған өзеннің басталар жерінің тік жартасты болуы себеп болса керек. ⠀ Ал кей ғалымдар «сілеті» сөзінің мағынасын қазақ тілінің өзінен іздеу керек деп санайды. Қазақта «сілем құрып» деген сөз бар. Шаршап-шалдығып қалса, «сілесі қатты» дейді. Осының бәрі адам ағзасындағы сілтіге (щелочи) байланысты ма деген жорамал туындайды. Сілеті өзенінің ағысын бойлай жүргенде әр жерде жағалауы ақ көбіктеніп жататынын көруге болады. ⠀ Бұдан өзен табанында кальций, натрий, калий сияқты сілтілік металдардың (щелочные металлы) бар екенін, олардың сумен араласып, көпіршіп жататынын байқау қиын емес. Қазақтың «сілем құрып» деген сөзі де адам ағзасында судың азайып, ағзадағы сілтілік металдардың тотығу процесі баяулағанын аңғартса керек. ⠀ Сілеті сөзінің шығуының осындай екі нұсқасы бар. ⠀ #ҚҚДИ #КИОР #KIPD #руханижаңғыру #QAZAQSTAN

Публикация от «Рухани Жаңғыру» жобасы (@kior.kz)

IX орын 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#Руханижаңғыру #Салтдәстүрлер #Шортанды2020 #Атбайлар «Атбайлар» /салт/. Бұл салттың екі түрі бар: 1. Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын-туыстар оған шашу шашып, «керегесі кең болсын», «босағасы берік болсын» деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты «Ат байлар». 2. «Атбайлардың» екінші түрі — кәде. Құда-құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде оларды жеңгелер алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл «Атбайлар» деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды. Келін түсіріп, құдағи, құдашаларын аулына аттандырған келін атасына ауылдың оң жақта отырған бойжеткеңдері келіп «құтты болсын» айтып арнайы дәм әкеліп, сый жасайды.

Публикация от Шортанды Тілдердіоқытуорталығы (@shortandytilderdiokytu)

VIII орын 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

АС ТАБАҚ ТАРТУ Қазақтың ас-табақ тартудың өзіндік үлгісі бар. Алайда ру, жер жағдайларына байланысты бір өлшемге салуға болмайды. Бүгінде табақ тартудың 50-ге тарта түрі бар деп жазып жүр. Қазақтың дәрежесін табақ санымен көбейткісі келетін сияқты. Бүгін табақ тартудың түрлеріне тоқталмақпыз. 1. БАС ТАБАҚ Бас табақ әдетте құда- құдағи, малға бата жасаған ақсақалдар мен сыйлы қонақтарға тартылады. Бас табаққа ұсақ мал болса бас, жамбас, екі белдеме, бір омыртқа, ортан жілік пен екі тал сүбе қабырға салынады. Ал ірі қара сойылса, бас пен жамбас, жылқыдан болса қос қазы, карта, жал жая салынады. 2. СЫЙ ТАБАҚ Кейде орта табақ деп те аталады. Жамбас, асықты жілік, кәрі жілік, екі белдеме, екі тал қабырға салынады. Сый табақ әйелдерге, құдағи- құдашаларға тартылады. 3 КҮЙЕУ ТАБАҚ Төс салынып, күйеу жігіттерге арналған табақты"күйеу табақ" деп атайды. Бұл ең жоғары сый табақ болып есептеледі. Оған төс, асықты жілік, белдеме, омыртқа салынады. Асықты жілік салу себебі асық ойнар ұлың болсын деген тілек. 4. КЕЛІН ТАБАҚ Бұл да сый табақ. Оған төс, жүрек, ұлтабар (ұл тапсын деп), сирақ, әр түрлі ет салады. 5, ҚЫЗ ТАБАҚ Жақ сүйек пен тіл, жүрек, бүйрек, қабырға салынады. 6. ҚОС ТАБАҚ Сыйлы, жолы, жасы үлкендер мен құда- жекжатқа бас табаққа қосымша тартылатын табақ "қос табақ" деп аталады. Оған әдетте мүшелі сүйек салмайды, тек еттің жылы жұмсағы мен қазы, карта, жал жая салынады. 7. ОШАҚ ТАБАҚ Бұл табақ той әзірлігі үшін от жағып, мал сойып, үй тіккендерге арналған күтім табағы. Оған малға бата жасағандарға бас, жамбас т.б сүйектер салынады. 8. ЕРУЛІК ТАБАҚ Жаңа көшіп келгендердің көрші қонған адамдардың құрметіне мал сойып тартылатын күтім табағы. Бас, жамбас т.б сойылған малдың жылы жұмсағы салынады. 9. СЫБАҒА ТАБАҚ "Еске алған ескі астан сақтайды" дейтін халық даналығын жалғастырған қазақ қысқы соғым кезінде үйлеріне келіп дәм татпаған ақсақалдар мен денсаулығы нашар қарияларға, құда -жекжатына сақталатын арнаулы ас. Келсе асып береді. Сыбаға табаққа белдеме, жал- жая, қазы-қарта салынады. Кейде апарып береді. #Руханижаңғыру #qazaq_salt_dasturi #Ақтөбе #aqtoberuh @aqtobe_ruh @kior.kz @ruh_qz

Публикация от @ aqtobe_ruh

VII орын

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қамшы – қазақтың тұрмысы мен мәдениетінде бірнеше қызмет атқаратын қасиетті зат, құрал есебінде саналған. Мысалы, халқымыздың ұғымы мен әдетіне қамшы тастау (сөз сұрау), қамшы жұмсады (сабады, күш көрсетті), қамшы болды (әсер етті, себеп болды (жақсы мағынада) деген сөздер жиі кездеседі. Солардың бірі – қамшы қайтару дәстүрі. ⠀ Аталған дәстүр – құдалық, яғни құда түсу жолында жасалатын таза қазақи ұғымды көрсететін жолдардың бірі. Мұның жөн-жосығы былай. Ұлына қалыңдық іздеген жігіт әкесі ауылдың ақсақалы мен азаматтарына және өз туыс-туғандарына жолығып, шаруасын айтады. Бұған жанашырлар ақыл қосып, пәлен жерде осындай жақсы адам бар және оның бойжеткен қызы барын айтады. Сөйтіп жігіттің әкесі өзінің беделді адамдарын ертіп қыздың әкесінің үйіне барып түседі. Қонақасын ішіп аттанған қыздың әкесі өз қамшысын кереге басына іліп кетеді. Мұны көрген қыздың әкесі келген кісілердің ата-тегін білгеннен кейін оларға жауабын беруі керек. Егер қыздың басы бос болмаса немесе қызын бергісі келмесе қамшы иесіне қайтарылады. Мұны «қамшы қайтару» дейді.

VI орын

Посмотреть эту публикацию в Instagram

⠀ Басқамыр – Қарағанды облысындағы ортағасырлық қамал-қала. Жезді өзенінің Талдысай өзеніне құяр сағасында. Бұл орта ғасырларда Орталық Қазақстандағы қалалардың ішіндегі сәулет өнерінің ең күрделілерінің бірі. Құрылыс жоспары бойынша қалашық дүниенің 4 құбыласына бағытталған төрт бұрышты болып келеді. Сырт қабырғасы саман кірпіштен қаланған қамалдың ұзындығы 110 метр, ені 14 метр. Қаланың орталық алаңында ауқымды цитадель орналасып, оның әр бұрышына мықты қорғаныс мұнаралары тұрғызылған. Қалашықтың оңтүстік-шығыс жағынан жүретін керуен жолы Сарысудың төменгі ағысы арқылы Сырдария және Ұлытау аудандарын байланыстырып тұрған. Демек, керуен жол торабындағы қалашықтың саяси мәні зор әрі өңірдегі ірі қалалардың бірі. ⠀ Қазба жұмысы барысында қалашықтан керамиканың сынықтары табылған. Олардың орта ғасырда Жезді өзені маңында дайындалғанын байқауға болады. Өйткені, осы төңіректегі Милықұдық деген қоныста жоғары температуралы пештердің орны анықталған. Демек, керамика өндірісінің орталығы Милықұдық деп болжанып отыр. Сонымен қатар, қалашықтың солтүстік қабырғаларынан үй жануарларының сүйектері және асханалық керамика сынықтары табылған. Археологиялық материалдарға сүйенсек, өңір халқы мал және суармалы егін шаруашылығымен шұғылданған. Әрі қалашық жылу жүйесімен де қамтамасыз етілген. ⠀ Қалашықтың айналасындағы қазақ руларының бейіттері – бекіністің соңғы кезге дейін маңызды болғанын айғақтайды. Қорым да қаламен аттас. Тастағы таңбалар көшпелі рулардың бас қосқан орны болғанын дәлелдеп тұрғандай. Себебі, құлпытастардан арғынның көз таңбасын, найманның бақан таңбасын, тарақтының тарақ таңбасын, шапыраштының ай таңбасын көруге болады. Бұлар көшпелі мәдениетте, діни-ғұрыптық жерлеу рәсімінде кіші сәулеткерлік ескерткіш делінеді. Бұған қоса, мұндағы бейіттің бірінде Самарқанның көк тасы қойылған. Көк тастың бетінде күннің суреті бедерленіп, жан-жағы ою-өрнекпен көмкерілген. Бұл дәл осы өңірді мекендеген ру-тайпаларға бұл жердің жайлы, құтты қоныс болғандығының айғағы. ⠀ #ҚҚДИ #КИОР #KIPD #руханижаңғыру #QAZAQSTAN #басқамыр

Публикация от Рухани Жаңғыру Жамбыл облысы (@ruhani_zhangyru_zhambyl)

V орын

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ләйлә Исабекова - Бүйректал (Ақсай) ауылының тумасы. Осы ауылда өсті, өнді. Жасы ұлғайған шағында бала-шағасының қызығын көріп отыр. Ауылда тұрғасын да шығар, апай тіл үйірер қазақтың ұлттық тағамдарын жиі жасайды. ⠀ Жазды күні құрт қайнатып, май шайқайды. Ол кісінің қолынан шыққан сықпа құртты Қостанайдан тапсырыс беріп алдыртатындар бар. Елдің дәмін аңсайтындар ауылдың қара қазанында қайнаған қара құртты аңсайды. Қымыз, май, құрттың түр-түрі, қызыл ірімшік… шіркін, ауылдың дәмі деп таңдай қағамыз. Осындай өнімдердің бәрін бір жазда ауыл келіншектері өндіріп, өзіне де, өзгеге де жететіндей етіп жиып алады. Нағыз таза, еш қоспасы жоқ, пайдалы тағамдар. Жаз бойы балалар жұмыста, өзі қарап отырмай, қолдағы малды жаратып, құрт қайнатып, май айырады. Сатқанынша сатады. Кептіріп те, сұйықтай да сақтайды. Сұраныс көп. Егер кәсіп етсе, бұл іс алға басар еді. Ауылдағы жастар қолға алып, тұрақты айналысса, тәп-тәуір кәсіп. ⠀ «Биыл сұраныс көп болды. Құртты тез қайнатып, сұранысына қарай жіберіп азғантай болса да нәпақа таптық. Немерелеріме жаратқаныма риза болып отырамын. Біз сияқты әжелерге одан асқан бақыт бар ма. Майлы құртты сорпаға араластырып, құрт көжеге сары май салып, қыс бойы ішіп тұрса ешкім де ауырмайды. Қазақ халқы ағзаға қандай тағам керегін білген ғой. Дүкеннің химия толы заттарын алғанша, өзіміздің елдің дәмін тұрақты қолдана білейік. ⠀ Балаларды да соған үйрету керек. Сонда ғана деніміз сау, бойымызда қуат болады», - дейді Ләйлә апай. Күннің шуағымен, шөптің нәрімен, алақанның жылуымен жасалған қара қазанның дәмі әр үйде болуы керек. Майлы құрттың дәруі бойға дарыса, қай індетке де бой алдырмайды. ⠀ #ДәстүрМенҒұрып #РуханиЖаңғыру

Публикация от Служба коммуникаций (@rsk.kostanay)

IV орын 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының "Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық мәдениет үйіне қарасты Қылышбай ауылдық клубының дайындаған бейнеролигі. Бейнероликте қазақтың әшекей бұйымдарының бірі шашбау көрсетілген. Қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттаудағы мақсаты: қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып,салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. #руханижаңғыру

Публикация от МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ (@rdk_moyinkum)

ІІІ орын 

ІІ орын

І орын 


Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz