4 Шілде, 2019
Сабантуй – 2019

          Елордада «Жастар Сарайының» жазғы алаңында «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығының 25 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңбері барысында дәстүрлі халықтық «Сабантуй» мерекесі өтті.

Бұл мереке Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының, қала әкімдігінің, Ресей Федерациясы Елшілігінің, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілдігінің, «КАМАЗ» сауда компаниясы» ЖШС, «Кама-Казахстан» Сауда Үйі» ЖШС қолдауымен және қалалық «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен атап өтілді. 

Сабантуй – ЮНЕСК-ның мәдени мұрасы тізіміне енгізілген. Тамыры тереңннен бастау алатын бұл мереке түркі халықтарының маңызды мерекесі ретінде күнтізбеге енгізіліп, ол адамзат баласын бірлік пен ынтымаққа үндей білді. Ол көктем аяқталуының белгісі ғана емес, тіл мен мәдениеттің сақталуына үндестік танытады. «Сабантуй» еліміздің жасампаз еңбегіне жол ашып, оның одан әрі гүлденуіне өзіндік үлесін қосуда. Осы жолғы мерекеде де мәңгі құндылық, ыстық қарым-қатынас, даналыққа құрметпен қарау және көңіл жадыратар істер көрініс тапты. 

04.JPG

Мерекеге келген қала тұрғындары және елорда қонақтарын Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Кұсайынова, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілі және Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің өкілдері арнайы келіп құттықтады. 

«Сабантуй» мерекесі тамыры тереңге жайылған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан аса құнды мереке. Іс-шараның сәнін келтірген «Сабантуй» басты нышан ретінде келушілер назарын өзіне аударды. Сахна төріне шыққан құрметті қонақтар барша қауымға ыстық лебіздерін жеткізді. Ұлттық киімдегі қыздар мерекеге жиналғандарға «чак-чак» ұсынды. Дәмі тіл үйіретін ұлттық «чак-чак» -татар және башқұрт халқының қонақжайлылығының белгісіндей адамзат баласын достыққа, бірлікке үндейді. 

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Кұсайынова:

- «Достық-бейбіт өміріміздің негізгі түпқазығы, ал Бірлік - Қазақстан халқы Ассамблеясының жетістігі. Сондықтан біздің еліміздегі этностар арасында өзара қарым-қатынас сәтті үйлесім тапқан. Біз осы құндылықтарды бағалай білуіміз керек!» - деп шынайы тілегін білдіріп, құттықтады. Сонымен бірге, ол аталмыш орталықтың 25 жылдық мерейтойына байланысты  «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығына және белсенділік танытқан тұлғаларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың арнайы құттықтауын жеткізіп, табыстады. Тағылымдық мәні бар іс-шарада орталық төрағасы Рафик Валиев қала әкімдігі мен Ассамблея хатшылығын мерейтойға арналған арнайы «25 жылдық төсбелгімен» марапаттады.

Өнер әлемінде есімдері мәлім Татарстаннан келген әртістер концерттік бағдарлама бойынша көпшілікке қуаныш сыйлады. Өз кезегінде аймақтық татар-башқұрт этномәдени орталықтары мен елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымдары да барша қауымды шаттыққа бөледі.

Бұл дәстүрлі «Сабантуй» мерекесінде этномәдени бірлестіктердің халық әндері шырқалып, би биленді. Сонымен бірге, ұлттық күрес, армреслинг, қол күрес және тағы басқа байқаулар мен көңілді ойындарға кезек беріліп, мерекелік кештің сәні одан әрі әрлене түсті. Барлық қонақтар ұлттық тағамнан дәм татып, ұлттық ойындар мен сайыстарға қатысты. Талғампаз жандар татар мен башқұрттың тағамдарына оң бағаларын беріп, ризашылықтарын білдірді. Өте жадыраңқы көңіл-күймен өткен бұл мереке елорданың мерейтойы қарсаңында көпшілікке үлкен қуаныш сыйлады.

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы өз өнерлерімен топ жарған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі


Оқи отырыңыз: ДЕМОКРАТТЫ ҰСТАЗБЕН КЕЗДЕСУ

                             АСТАНА АРУЫ: «АРМАНДАҢЫЗДАР»!