20 Қазан, 2018
Сабыр сақта!

Сабыр мен шүкіршілік – адамның сақтаушы күштері. Адам өмірінде түрлі оқиғалар, түрлі келеңсіздіктер кездесетіні белгілі.


Бірақ сол уақыттарда сабырлы адам ғана келеңсіздіктерді жеңіп өтеді. Ал сабырсыз адам күйгелектеніп, эмоциясын жиып ұстай алмай, өзіне кері әрекет ететін қадамдарға баруы мүмкін.



Адамның ең асылы – сабырлы адам. Сабырлы адамның кез-келген әрекеті жинақы һәм нәтижелі шығады. Сондықтан, олардың жетістікке жету деңгейі өзгелерге қарағанда көз сүйсіндірерліктей шығып жатады.



Сабырлы бол! Сабырмен жетістікке жеткен адамдардың саны әлемде өте көп. Олар салқынқандылықтарымен барлығын жеңеді.



Сабыр сақта! Әрекет ет! Жетістік шыңы алда!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin