1 Қазан, 2018
Сабырмен мақсатқа қол жеткіз!

Өз-өзіңе билік беріп, жоғары лауазымға тағайындалған басшылар туған жерін, Отанын сатып жатқанда не істеуге болады?


Жоғары білім алыңыз! Іс жүзінде өзіңіздің қолыңыздан не келетінін көрсете алатын жақсы адам болыңыз! Әрине, осының барлығына қол жеткізу үшін сіз бар күш-жігеріңізді салып, күнделікті ерен еңбек етуіңіз тиіс болады. Дегенмен де, біраз уақыттан кейін сіз өмірде табысқа қол жеткізіп, сатқын саясаткер болмасаңыз, ең бірінші, өз-өзіңізге өмірдің тосын жағдайларға толы екенін және кенеттен шешім қабылдамау қажеттігін дәлелдейсіз.



Өз басшысына мүлтіксіз жұмыс істеуге немесе ереуіл ұйымдастырып, қашып кетуге қабілетті құлдың психологиясынан аулақ болыңыз! Өз өміріңізді өз қолыңызға алыңыз, өз-өзіңізге басшы болыңыз және алдағы онжылдықта шынайы тәуелсіздік - бұл қылмыс емес, күнәға толы жол емес, нақты мақсатқа бағытталған күнделікті толыққанды еңбек екендігін ұмытпаңыз! Айқын мақсат қоя біліңіз! Өзіңізді мүсіркеп, кішкене қиындықтар туындаған жағдайда, ауырсаңыз, не болмаса күрделіліктер пайда болғанда өз-өзіңізді сатып кетпеңіз! Жоғары мақсаттарға қол жеткізу үшін сіз басқа жан болуыңыз тиіс. Сондықтан да, мінезіңізді икемге келтіріп, дұрыс бағытта қайрай отырып, гауһар тасқа айналдыра біліңіз.



Имам аш-Шафиидің мынандай бір жақсы жолдары бар:



 «Егер де сен талап пен талпыныс арқылы [1] бақытты болғанның бұтақты алып, оның қолындағы бұтақ гүлдеп, жемісін бергені туралы естісең, осыған сен.



Және егер де өзін (еңбектен және талаптан; талпыныстан және жұмыстан) [2] айырғанның



бұлақ көзіне су ішу үшін келгенде, су жоқ болып кеткені туралы естісең, осыны раста» [3].



Сондай-ақ, сіздерге көмек ретінде екі маңызды хадисті еске түсірейін. Олар сіздер осалдық танытып, қорқынышқа жол бермеу үшін сіздердің көз алдыларыңызда үнемі болуы тиіс. Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):



«Адамдар, сендердің мақсаттарың (талаптарын) болуы тиіс, сендер мақсатқа (талапқа) ие болуға міндеттісіңдер [4] [егер мына өмірде рухани, зияткерлік, физикалық немесе материалды тұрғыда қандай да бір елеулі дүниеге қол жеткізуді қаласаңдар! Мақсат қойыңдар және әрекет етіңдер!] Ақиқатында, Аллаһ (Құдай, Жаратушы) сендер көңілсіздік сезімімен келіскенге дейін (ішкі күйзелістен, оның жетегіне еріп кетпесеңдер: өздерің айналысып жатқан дүниеден зерігіп кеткетше; қолдарыңды төмен түсіргенге дейін) өзінің рахымынан (мейірімділігінен және шапағатынан) айырмайды», - деген екен [5].



Яғни, адам жүрегінде көңілсіздік немесе мұңның пайда болу салдарынан арманына бағытталған жолдан тайып кетіп, ішкі күйзеліске тап болғанда, ол ертеңгі күні алдында күтіп тұрған жақсы дүниелерден айырылып қалады. Жұмысы тоқтап қалады, ол өзінің миы мен дене пішімін жаттықтырудан қалады. Балаларына көңіл бөлуді, олардың тәлім-тәрбиесін қадағалауды қояды. Мұндай күйге тап болған адам айналасындағыларға сабырмен қарауды және Құдай алдындағы міндеттерін ұмытады. Мәселен, діни рәсімдерді, күнделікті үрдістерді орындауды азайтады. Оның алдында тұрған мақсаттары мен мүдделеі өзгеріске ұшырайды. Ал кейбір кезеңдерде мүлдем бұзылады. Ол өзі тап болған сынаққа сабырлықпен қарай алмайды және осылайша ерлік пен сабырлықты қажет ететін жағдайда өз осалдығына жол береді. 


ruh.kz
bizhint.net