1 Желтоқсан, 2017
«Сакралды Қазақстан» Қазақстанды әлемге танытады – Мемлекет басшысы

Қазақстан латын қарпіне көшу арқылы ортақ   дамыған ақпарат әлеміне қадам басты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі барасында мәлімдеді.



«Рухани жаңғыру мәселесіне келетін болсақ,  менің мақаламмен барлығыңыз таныссыздар деп ойлаймын. Қазақстан осы орайда ауқымды жұмыс жүргізуде, халық та қолдады. Біріншіден – бұл латын қарпіне көшу. Неге латын әліпбиі? Бүгінде ғылым, мәдениет туралы ақпараттың 70%-дан астамы ағылшын тілінде таралады. Ал ағылшын тілі, өздеріңіз білесіздер, латын әліпбиінде. Біз елімізде үш тілділікті жарияладық. 2020 жылға қарай бірінші сыныптан бастайтындар мектеп бітіргенде ағылшын тілін біледі. Демек ол балалар латын әліпбиін меңгерген деген сөз.Қазақ лексикасындағы бірнеше әріп кириллицада жоқ. Қазақ тілінде Щ, Ъ, Ь, Ч, Я, Ц әріптері жоқ. Осының бәрі басқа адамдарға оқу-жазуды қиындатты. Біз заманға ілесіп отыруымыз қажет. Латын қарпімен бірге біз дамыған ортақ ақпарат әлеміне – интернет, ғылым мен мәдениет тіліне енеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.




ҚР Президенті айтып өткендей, «Сакралды Қазақстан» жобасы елді әлемге танытып, қазақстандықтардың өз еліне деген сезімін арттыра түседі.




«Сакралды географиясы бар әлем елдерін білеміз.  Мәселен, Мексикадағы ацтектер пирамидасы,  мен де онда болдым, Рим, Мадрид, барлық адам баратын ұлы, киелі жерлерді білеміз. Ал, Қазақстанда ондай жерлер бар ма, әрине, бар. Міндет қойылды, 100 киелі жерді табу, олар арқылы бізді әлем танып, халық өз отанын сүйетін болады. Ол орындар Қазақстандағы туристер баратын танымал жерлерге айналады.  Біздің мәдениетімізді жаһандық әлем білуі керек», - деді Н.Назарбаев.




Айта кетейік, бүгінде Қазақстан Тұңғыш Президент күнін мерекелеуде. Сондай-ақ, Елбасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздарымен кездесті.



Қайрат Жандыбаев


ruh.kz
strategy.2050.kz