17 Сәуір, 2018
Сандық технологиялар – заманауи балаларға сыйлық

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған «Көркейе бер, Қостанай!» жобасы бойынша Қостанай облысы меценаттар көмегінің арқасында 2018 жылдың басынан қалалар және аудандаржағы білім беру мекемелерінде сандық технологияларға арналған кабинеттер ашылды.


 



Атап айтқанда кабинеттер мынадай заманауи құрылғылармен қамтылған: 3D принтерлермен, 3D сканерлермен, мультимедиялық панельдер, компьютерлер, робототехника құрал-жабдықтар, «Ақылды қаланы» құрастыру және бағдарламалау үшін жиынтықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және 3D-автомодельдеу бойынша конструкторлар.    



«Мұндай бағыттағы мектептердің материалдық базасын нығайтса, роботты техникамен айналасуына толыққанды жағдай туғызған боламыз. Сондықтан, біз үлкен нәтижелерге қол жеткізгіміз келсе, осындай мүмкіндіктерді жарата білуіміз керек», – деп меценаттар өкілдерінің бірі, «Вескор» МҚК директор орынбасары Бақытжан Распаев ескертті.



Барлығы Қостанай облысы бойынша, жалпы сомасы 172,21 млн теңгені құрайтын меценаттар көмегімен 21 цифрлық технологиялар кабинеті іске қосылды. Оның ішінде 17 кабинет мектептер базасында орнатылды. 4-еуі қосымша білім беру ұйымдарының базасында.



 


kstnews.kz