17 Қыркүйек, 2018
Сәтті күнде күтпе! Сәтті күніңді өзің істе!

«Бүгін мен үшін сәтсіздіктерге толы күн болды». Сізге жақын ой болуы хақ. Мүмкін, сәл жымиып, сіздің қазіргі көңіл-күйіңізді ешкім түсінбейтіндей күйде шығарсыз. Мұның бәрі - қалыпты жағдай.


Өмірдің тек сәтті күндерден тұратындығы басы жақсы, тек аяғы қатты ертегі деп түсініңіз. Сіздің өмір сүретін әр сәтіңіздің жақсы болуы тек сіздің қолыңызда екенін ұғыныңыз. Егер де ішкі жан-дүниеңіз қараңғы түнекті қалап тұрса, өміріңізді ешкім де гүлдендіре алмайды.



Бақытты болғыңыз келсе, әрекет етіңіз. Жақсы көңіл-күймен оянып, шынайы күле біліңіз. Өмір сіздің жақсы көңіл-күйіңізді күтіп, бір орнында тұрып қалмайтындығын түсініңіз. Ол уақытпен бірге зымырап өте береді. Кешігіп қалмаңыз!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin