22 Қараша, 2018
Сәттілікті жіберіп алма!

Адамның әрбір күнінде түрлі мүмкіндіктер кездеседі. Бір өкініштісі, біз оларды байқай бермейміз. Содан кейін жіберіп алған мүмкіндіктерімізді ойлап, қайғыға бой алдырамыз.


Сәттілік – адамның ажырамас серігі, толассыз сыйы. Адам өз өмірінде түрлі істердің басын шалады. Кейде сәтті уақытты дер шағында сезініп, сәттілікке еңбегін қосу арқылы жетістікке жетіп жатады.



Ал көбіне біз өзіміздің «жұлдызды сәтімізді» жіберіп алып жатамыз. Адам болмысы әу бастан-ақ жасампаздыққа бір табан жақын болып жаратылған. Сондықтан, өзіміздің үлкен мүмкіндіктерді далаға жіберіп жатқанымызды жадымыздан шығармауымыз керек.



Сәттілік сенің дәл жаныңда. Мүмкін қазіргі сәт – сенің мүмкіндігің!



Әрекет ет! Өз күшіңді сынап көр! Жетістікке жет!


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin