22 Шілде, 2020
«Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілі» оқытылады

2021 оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқиды 

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Келесі оқу жылында 1-сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитын болады. Олар оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппенің» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізіледі», - деп жазды министр Facebook желісінде.

Білім министрі «Әліппенің» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалатынын атап өтті.

«Қазіргі кезде оқулықтарды әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірыңғай бағдарлама жасаумен айналысатын жұмыс тобын құрдық», - деді А.Аймағамбетов. 

Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден