18 Қыркүйек, 2018
Сен алмайтын асу жоқ!

Стив Джобс алғашқы ісің үйіңдегі гаражда бастаған. АҚШ Президенті Трамп үш рет банкроттыққа ұшыраған. Осы сынды әлемдегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмір кезеңдеріне зер сала қарайтын болсақ, сан мыңдаған үлгі боларлық оқиғаларға тап боламыз.


Егер де адамзат болашаққа қадам жасауға қорыққан болса, біз бүгінгі дәрежеге жете алатын ба едік? Қазіргі Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде роботтандыру, ғаламшарды зерттеу жұмыстары қарқынды үрдіс алуда. Адамзат бір орнында тұрмай, алға қарай белсенді қадам жасап келеді.



Осының барлығының артында үлкен талап пен талпыныс тұр. Біз бағындырар шыңдар әлі де алда деп ойлау қажет. Егер де сіз өз күшіңізге сенімді болсаңыз, сіз шешпейтін мәселе болмайды. Ал өміріңізде туындаған әр кедергі сіздің мінезіңізді қайрай түседі.


ruh.kz
Nurlybek Buhpin