31 Желтоқсан, 2018
Сен батырсың!

Бабалардан қан арқылы берілген батырлық пен тектілік – біздің қазақтың бөлінбейтін еншісі. Демек, сен де – батырсың!


Батыр болу өзгенің басын жарып, қолын сындыру емес. Ең жаужүрек адам – ол өзін жеңген адам. Сен де осы заманның ақылы асқан дара батыры бол.



Батырлық ол – тәуекел ете білу. «Көз қорқақ, қол батыр» деп кез-келген істі бастап кететін ұлттың ұрпағына тәуекелсіз болу жараспайды. Тәуекел ет!



Бүгінгінің нағыз батыры ол – білімді адам. Өзіңнің білетініңді кеңейт. Білім ал! Оқы!



Міне, батырлық шеңбері тек майдан даласында ғана жүретін ұғым емес. Сондықтан, адам бол! Оқы! Тәуекел ет!


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin