10 Сәуір, 2018
Шаштарына шолпы тағатын қыздар қатары артып келеді

Ақтөбелік зергер Болат Атыраубаев ұлттық өнерді қайта жаңғыртуды қолға алған.


Ұлттық өнерді жанына серік еткен Ақтөбелік зергер Болат Атыраубаев, негізінен XVIII-XIX ғасырларға тән бұйымдарды өз зерттеу нысанасына алған. Оның айтуынша «Технология дамып, құрал-саймандардың мүмкіндігі артқанда қарамастан, өткен ғасырлардағы зергерлердің туындыларын сол қалпына қайталау оңайға соқпайды», – дейді. Сондай-ақ, осы өңірде қыз-келіншектерден құрылған «Шолпы» клубы да зергер соққан бұйымдарды тағып, ұлттық дүниелерге ерекше сән беріп жүр.   



Өңірге танымал шебер өзі жасаған бұйымдарға сұраныстың күн санап артып келе жатқанын мақтан етеді. Әсіресе шаштарына шолпы тағатындар қыздар қатары өсіп келеді. Табиғи тастармен безендіріп жасалған осындай өнер туындысы көптің көңілінен шығып, көз қуанышына айналып жүр.



Осылайша атадан қалған сүрлеуді жаңғыртып жүрген Болат Атыраубаев бұл кәсібінің болашағы жарқын екеніне нық сенімді.


ruh.kz
Шолпы