28 Желтоқсан, 2018
Шын батыр сын үстінде танылады

Сөзі мен әрекеті қиюласпайтын адамдарды күн сайын көресіз. Сіз де солардың қатарынан табылғыңыз келмесе, әрекетпен дәлелдеңіз.


Батырдың майданда, болаттың қайнауда шынығатынын біздің халық ежелден білген. Сол уақыттардан бері біздің елде көпірген сөзімен жауды қырып, әрекет үстінде бұғып қалатындарды жақтыра бермейді.



Шын мықты болсаң, әрекет ет те, көрсет. Бұл – бұлжымайтын қағида. Сөзің мен ісің екі бөлек тұратын адам болсаң, көздегеніңе жету қиынға түспек.



Сондықтан, өзіңнің шын батыр екеніңді нағыз істе көрсет. Оны жасамай тұрып, елдің алдында ержүрексінбе!


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin