15 Наурыз, 2018
ШҚО-да латын қаріпінде жазудан жарыс өтеді

Наурыз мерекесі күні Өскеменде латын қарпінде жазудан жарыс өтеді.


22 наурыз күні Өскемен қаласында облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық драма театрының ұймыдастыруымен «Латын графикасы - өркениет жазуы» атты акция өтеді.




«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін шараның мақсаты - латын графикасындағы жаңа әліпбидің мән-маңызын көпшілікке таныстыру, тұрғындардың жаңа әліпбиге қызығушылығын арттыру. Акцияда жаңа әліпби негізінде жазу дағдысын қалыптастыруға арналған бірнеше кезеңнен тұратын ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде - қазақтың қара домбырасы», - дейді ұйымдастырушылар.



ruh.kz