3 Желтоқсан, 2020
Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл

2020 ж. 4 желтоқсанда Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы қ. Білім басқармасы және ТЭИ Жас ғалымдар кеңесі Шоқан Уәлихановтың 185-жылдығына арналған «Рухани жаңғыру аясындағы Ш. Уәлихановтың тарихи-мәдени мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясын өткізеді.

Биыл көрнекті ғалым шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл. Табиғат оған керемет қабілеттер берді, оның еңбектері 6 томды құрайды, ал оның көркем және графикалық суреттері бөлек том түрінде жарық көрді. Шоқан Уәлиханов Орта Азия халықтарының тарихына, этнографиясына, әдебиеті мен мәдениетіне белсенді қызығушылық танытып, Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатайға саяхат жасады, материалдар жинады және дала өлкесінің тарихы, әдет-ғұрыптары мен қазақтардың діні туралы мақалалар жазды.

b9190d48-d136-4ae6-b374-1726b82e41b9.jpg

Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси және тарихи-философиялық көзқарастары ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы күрделі жағдайда, яғни Қазақстанның Ресейге «өз еркімен қосылуы» үрдісі аяқталған және сол уақыттағы шаруалардың басыбайлылық дағдарысына байланысты қалыптасты. Ресей өзінің саяси және идеологиялық күресін күшейтті. Бұл Шоқан Уәлихановтың дүниетанымына әсер етпеуі мүмкін емес еді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарында Ресейдің прогрессивті, демократиялық бағытын ұстанды, алға бастаушы, демократиялық реформалардың табанды жақтаушысы болды және сол заманның жаман жақтарын жоюға көмектесуге тырысты. Оның қызметі ағартушылық сипатта болды, бірақ онда өз заманындағы құрылысты сынаудың белгілері, қазақ қоғамының өмірінде елеулі өзгерістерге қол жеткізуге ұмтылыс болды, бұл Ш. Уәлихановты ағартушы-демократ, өз халқының үлкен патриоты және гуманисі ретінде сипаттайды.

Шоқан Уәлиханов – ХІХ ғасырдың белгілі ағартушысы, аудармашы, этнограф, фольклортанушы, отандық картографияның негізін қалаушысы. Полковник М. Хоментовский ұйымдастырған ірі әскери-ғылыми экспедицияның (1856 ж.), Орыс географиялық қоғамның толық мүшесі. Оның есімі қазақ халқының мәдени және ғылыми жетістіктерінің көрінісі болып табылады.

Халықаралық ғылыми-теориялық конференция аясында Ұлы даланың ұлы есімдерін зерттеу контекстінде Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметін, оның этнографиялық мұрасын; Ш.Уәлихановтың қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды дамытуға қосқан үлесі және басқа да маңызды қырларын қарастыру жоспарлануда.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылар құрамы, орта мектептерінің мұғалімдері, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады. 

Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден