7 Қараша, 2017
Шортанды ауданында бизнес және ауыл шаруашылығы құрылымдарының форумы өтті

Шортанды ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау аясында «Ауылым – алтын бесігім» атты бизнес құрылымдары мен ауыл шаруашылығы құрылымдары    басшыларының форумы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Шортанды ауданының Андреевка селосында аудан әкімі Г.Сәдуақасованың, ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшыларының, сондай-ақ, кең жұртшылық пен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау аясында  «Ауылым – алтын бесігім» атты бизнес құрылымдардың және ауданның ауыл шаруашылық құрылым басшыларының 1-ші Форумы өтті.



Форум барысында Андреевка елді-мекенінің өндірістік және әлеуметтік-мәдени объектілеріне барып, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының және жеке кәсіпкерлер басшыларының қатарынан спикерлер сөз сөйледі.  



«Ұрпақ парызы – ұлттық құндылықты жаңғырту», «Бараевский бренд – визитная карточка Шортандинского района», және «Отаным – менің тағдырым» білім беру жобасы. Сондай-ақ, аудан «Атамекен» бағдарламасын іске асыруға қатысады. Аудандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі осыған мысал ретінде іске асады. Осылайша, мемлекеттік жеке меншік серіктестігінің шеңберінде «Новокубанское» ЖШС директоры Ш.Джакуташвили Новокубанка селолық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысын жасап шығарды, «Нұр Астық» ЖШС директоры Б.Наурызбаев Мықтыкөл мектебінің ғимаратын жаңартты, ал «Пригородный» ЖШС-ның басшысы Е.Бекишев Пригородное селосында бос уақыт үйінің ғимаратын жаңартса, В.Абермиттің басшылығындағы «Нива» ЖШС Андреевка елінде әлеуметтік объектілерді қолдау және көркейту үшін 1000-нан аса көшет отырғызды. Бұл кіші Отанның игілігі үшін істелген игі істердің толық тізімі емес.



Көзделген жобаларды іске асыруда шортандылықтардың рухани бірлігі болуы тиіс. Жалпы алғанда, елорда маңында орналасқан аудан болғандықтан ауылдар мен елді-мекендерінің кеңейуіне мүмкіндіктері бары анық.


ruh.kz