13 Қаңтар, 2021
«Shymkent Tourism Center» орталығы ашылмақ

Бұл жоба осы жылы, қаңтар айының соңында жүзеге асады, деп хабарлайды Ruh.kz. 

Жоба аясында 500-ден астам ең ірі туроператорларды анықтау, оларға туристік маршруттарды ұсыну, шетелдік орталықтармен байланыс орнату, осы салаға қатысты жобалардың іске асуына қолдау көрсетіп, инвестиция тарту секілді жұмыстар атқарылады.

Қысқасы, орталық «біртерезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетпек. Сонымен қатар туроператорлар, көлік компаниялары, гид және көші-қон қызметтері өкілдерінің көмегін пайдалану мүмкіндігі де ұсынылады.

«Осы жоба арқылы туризмді дамыта отырып, бизнес ортаны нығайту. Жалпы Шымкент қаласы бойынша туристік өнімдердің отандық және шетелдік нарыққа жол тартуына ықпал жасауды мақсат еттік», - дейді сала мамандары.

Ruh.kz