27 Қараша, 2019
Шымкенттік оқушы жоба жасап шықты

Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын «Kazakhland» ойын-сауық орталығы жобасын Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сұңғат Әбдіразақ жасаған.


Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын «Kazakhland» ойын-сауық орталығы жобасын Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сұңғат Әбдіразақ жасаған.

Ерекше жоба аталған Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған ашық есік күнінде таныстырылды. Жоба авторы Сұңғат Әбдіразақ жұмысты Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласына сүйене отырып дайындағанын айтады. 

76967202_558325954963498_7532816086731849728_o.jpg

Сондықтан, ойын-сауық орталығы 7 секциядан тұрады. Олар: «Ертегілер» елі, «Археология» елі, «Қазақ ән - жыры» елі, «Жылқылар» әлемі, «Қолөнер» елі, «Ұлттық ойындар» елі, «Жыл он екі ай» елі. Орталыққа келген бала түрлі ұлттық ойындарға қатысып, квесттерді іздеп, ақыл ойын жетілдіретін болады.

Мәселен, «Қазақ ән – жыры» еліне кірген балалар едендегі түрлі ноталарды басу арқылы түрлі күй мен әуендерді еститін болады. Домбыра, қобыз, саз сырнай сынды музыкалық аспаптардың бейнесін LED экраннан тамашалап қана қоймай, одан қандай үн шығатынына да қанық болады. 

78209494_558325974963496_8344554451725451264_o.jpg

Назарбаев Зияткерлік мектептебінің оқушысы Сұңғат Әбдіразақ жоба шын мәнінде қолдау тауып, қалада бой көтеретін болса, онда туристер үшін таптырмас аймаққа айналар еді дейді.

Ғылыми-шығармашылық идеялар жәрмеңкесінде мектеп оқушылары мен мұғалімдері бірігіп дайындаған Bio worlds, Рухани жаңғыру, Robotics, ғылыми зертхана, Intellectum zone, STEAM және лайфхак, шексіз шығармашылық бағыттары бойынша жасалған 140-тан астам жұмыс қойылды.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі