23 Қараша, 2017
СҚО музейлерінде үздік экскурция жүргізуші анықталды

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында «Тұған жер» кіші бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының қолдауымен «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде Солтүстік Қазақстан облысының IV облыстық музейлердін экскурсия жүргізушілері байқауы өтті.



Байқауда 11 экскурсия жүргізушілер бақтарын сынады. Байқау үш турдан және практикалық шеберлік сағатынан құралды. Байқауға қатысушылар тек нақты тақырыпты біліп қана қоймай, үш тілді де меңгеруі шарт болды.





«Сонымен, байқау қорытындысы бойынша 1 орынды  Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің экскурсия жүргізушісі Бейсембина Назгүл иеленді. Ал, 2 орынды Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің қызметкері  Коровина Елена алса, 3 орынды  Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Бекенова Жансұлу жеңді. Сонымен қатар, «Кәсіпке деген адалдық» номинациясы бойынша дипломды СҚМУ музейінің экскурсия жүргізушісі Амрина Лаура қанжығасына байлады», - делінген хабарламада.



Бұдан басқа, Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет қызметкерлері ұйымының кәсіподағы атынан грамота Есіл ауданының тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Кутейникова Иннаға  табысталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.


ruh.kz