30 Қаңтар, 2018
СҚО-да «Мен музейге барамын» акциясы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен музейге барамын» акциясы бастау алды.


Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Петропавл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері аталмыш акцияның алғашқы қатысушылары атанды.



Аталмыш шараны облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасы ұйымдастырып отыр. Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі бөлімінің басшысы Рақат Мәмбеталиновтың айтуынша, акцияның мақсаты – патриотизм мен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, солтүтікқазақстандықтардың облыс музейлеріне қызығушылығын арттыру. Шара кезінде облыста ақпанның 1-нен 20-на дейін бейнероликтер конкурсы өтендігі жайлы да атап айтылды.




«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірдің киелі жерлеріне ерекше көңіл аударылады. Басқарма «Қиелі Қызылжар» байқауын жариялады. Оған ынталылардың барлығы қатыса алады. 17-ге дейін және 17-ден жоғары екі аталым қарастырылған. Біздің өңірдің киелі жерлері туралы 2 минуттық бейнероликтер қабылданады»,- деді Рақат Мәмбеталинов.




Облыстық тарихи-өлкетану музейінде балаларды «Тұңғыш Президент», «Қазақ мемлекетінің құрылу және қалыптасу кезеңдері», «18 ғасырдан 1990 жылға дейінгі өңір тарихы» «Тәуелсіздік жылдарындағы СҚО тарихы», «Табиғат» және «Археология» залдарының жәдігерлерімен таныстырды.



Бұдан басқа тәрбиеленушілер «Африка зообағын» аралап, ондағы экзотикалық жануарларды көріп, таңғалды.



Балалар үйінің 12 жасар тәрбиеленушісі Яна Ахмадеева облыстық тарихи-өлкетану музейіне алғаш рет келіп отыр. Басқа балалар сияқты онда да алған әсері өте мол.




«Маған бәрі де ұнады. Мұнда әдемі және мен білмейтін жануарлар өте көп екен. Қабан, қасқыр, суыр дегендерді алғаш рет көрдім. Таңғаларлық екен»,- деп бөлісті Яна Ахмадеева.




Айта кетейік, аталмыш акция 2018 жылдың соңына дейін созылады.


ruh.kz
СҚО ІСБ