19 Қараша, 2020
«SMM-2021: Жаңа трендтер бастамасы» баспасөз туры өтті

Баспасөз турына «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» департаментінің директоры Нұрлан Күнтуов және Social media marketing саласындағы отандық белді менеджерлері қатысты, - деп хабарлайды Ruh.kz «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КеАҚ баспасөз бөліміне сілтеме жасай отырып. 

Уақыт өткен сайын ЅММ менеджері мамандығының танымалдылығы мен қажеттілігі артып келеді. Медиа саласының маңызды бөлшегіне айналған бұл мамандық бизнесті өркендетудің қуатты құралына айналып қана қоймай, жоғары сапалы имиджді қалыптастырушы ретінде де танылып үлгерді. 

Бүгінде кез келген ұйымның, тұлғаның, тіпті тауардың брендке айналуына SMM менеджердің тікелей қатысы бар. Осы орайда отандық SMM көшбасшылары әлеуметтік желілерді дамытудың жаңа трендттерін талқылап, жеке тәжірибелерімен бөлісті.


Ruh.kz