Өмірбек Шыныбекұлы: Түркістанға туристерді тарту үшін алдымен өзімізді түзеп алуымыз керек

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен қалың көрерменге подкаст түріндегі жаңа бағдарламаның алғашқы шығарылымы «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбына арналды деп хабарлайды Ruh.kz порталы. 

«Не әңгіме» деп аталатын бұл подкаста жүргізуші мен бағдарлама қонағы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, қоғамға ой салар пікірлерімен бөліседі.

Бағдарламаның алғашқы шығарылымы «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбына арналды. 

Атақты өлкетанушы, блогер Өмір Шыныбекұлы "Не әңгіме" бағдарламасы алғашқы шығарылымының  қонағы атанды. Ол Түркістан облысы мен Түркістан қаласының бүгінгі даму барысы жайлы пікірлерімен бөлісіп, өңірді әрі қарай дамыту жайлы ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ, подкаст барысында Түркістандағы киелі жерлер – Арыстанбаб, Хожа Ахмет Яссауи кесенелері, Үкаша ата құдығы туралы құнды мәліметтер берілді. Өмір Шыныбекұлы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданын Түркістанға қосып, Шәуілдір ауылын Сауран қаласы деп өзгерту туралы ұсыныс жасады.

Подкасттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=-5EE2g9k5rs&t=398s 

0:49. Елбасы неліктен Түркістанды таңдады?
2:52. Түркістанның келбеті қаншалықты өзгерді
4:09. Түркістанды қайтсек көркейтеміз?
5:40. Түркі елдерінің ешбір қаласы Түркістандай бола алмайды
6:48. Түркістанға қандай жаңа ғимараттар салу қажет?
8:29. Түркістанда салынып жатқан тұрғын үйлер жергілікті тұрғындарға қолжетімді ме?
9.18. Суып қалған шәй мен "шестерка" мініп алған таксист
11:13. Үкаша ата аңыз ба, әлде ақиқат па?
14:30. Абылайхан ордасын Аспанасты музейіне айналдыру қажет
15:40. Ислам діні Түркістаннан тараған ба?
17:00. Шәуілдір ауданын Фараб деп өзгерту қажет
18:00. Түркістанда туристерді қыдыртатын ТОП-5 жер
19:39. Қызылорданың Жаңақорған ауданын Түркістан облысына беру қажет.