«Жас автор» республикалық әдеби-шығармашылық байқауы жарияланды

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында, 2021 жылдың маусым айының 7-сі мен тамыздың 20-ы аралығында республикалық «Жас автор» әдеби-шығармашылық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты – отандық балалар әдебиетінің дамуына үлес қосып, прозалық жанрында қалам тербеткен жастардың әдеби шығармашылығын қолдау, кәсіби мамандануына мүмкіндік беру, өскелең ұрпақтың дүниетанымын, рухани білімін байыту болмақ.

Байқау Ережесіне сәйкес, байқауға Қазақстан Республикасының 18-бен 24 жас аралығындағы қатысушылар мемлекеттік тілде жазылған балаларға арналған әңгімелер мен новелла шығармаларын ағымдағы жылдың тамыз айының 20-на дейін rukhany_zhangyru_kaznpu@mail.ru электронды поштасына «Жас автор» деген атаумен жолдай алады.

Ал тамыз айының 26-сы күні жиналған барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасымен анықталып, қомақты жүлделі орындарын онлайн және оффлайн форматында салтанатты түрде табысталады.

Ең үздік әдеби шығармалар арнайы жинақ кітабына топтастырылады. Аталған балалар әдебиетінің жинағы мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқу бағдарламалары мен балалар кітапханаларына ұсынылатын болады.

Отандық балалар әдебиетін бірге қолдайық!