Отандық өнімдер (фоторепортаж)

Елорда аумағында орналасқан АЭА-қа барып, отандық өнімдердің жасалу жолымен танысып қайттық...

«Қазақстан 30 жылда бірде-бір өнім шығармады», деу – білімсіздік.

Нұр-Сұлтан қаласында бір басқарушы компаниясында екі АЭА – «Астана – жаңа қала» және «Астана-Технополис» жұмыс істейді.

2002 жылы құрылған «Астана – жаңа қала» АЭА екі бөліктен: әкімшілік-іскерлік бөліктен және №1 Индустриялық парк өнеркәсіптік бөлігінен тұрады.

«Астана-Технополис» АЭА 2018 жылы құрылған, ғылымға, ғылымды коммерцияландыруға бағытталған АЭА.

«Астана – жаңа қала» АЭА табысты жұмыс істеп, Нұр-Сұлтан қаласының дамуына үлкен үлес қосты.

№1 ЖК аумағында 200 млрд. теңгеден астам сомаға 83 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 52-сі іске қосылған, тағы 31 зауыт жобалау немесе салыну сатысында тұр.

Тағы 3 зауыт өндіріс ерекшелігіне байланысты (әуе және тікұшақ құрастыру өндірісі) әуежай ауданында орналасқан.

АЭА кәсіпорындарының негізгі шығаратын өнімдері: локомотивтер, электровоздар, әскери брондалған техника, еуропалық тікұшақтар, электронды-оптикалық аспаптар, жиһаз өнімі, парфюмерия, минералды тыңайтқыштар, мұнара крандары, лифтілер, құрылыс материалдары, сондай-ақ әскери авиацияны жөндеу және қызмет көрсету.

№1 Индустриялық парктегі 83 өнеркәсіптік жоба 4100 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Өнеркәсіптік жобаларға салынған инвестициялардың жалпы құны шамамен 200 млрд. теңгені құрайды.

Stahlbau компаниясы отандық машина жасау кәсіпорны және коммуналдық арнайы техниканы өндіру және кешенді жеткізу саласындағы озық компаниялардың бірі.