Домбыра көрмесі (фоторепортаж)

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ғасыр саңлағы, күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы және Ұлттық домбыра күні аясында «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» атты Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорындағы домбыралар коллекциясынан ҚР Ұлттық музейімен бірлескен көрменің ашылу салтанаты өтті. 

Көрме Ұлттық домбыра күні аясында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорында жинақталған домбыралар коллекциясы мен өнер иелерінің жеке тұтынған бұйымдары және өлкенің мәдени жетістіктерін дәлелдейтін ғасырлар бойы әр қазақтың төрінен орын алған қастерлі қара домбыраның мәртебесін жаңғырту, домбыра иелері, өнер өкілдерінің өмір жолдары мен сыршыл пернелерге тіл бітірген қолөнер шеберлерінің домбыраларын насихаттауды мақсат етеді.   

Экспозициялық зал күйшілік мектебі мықты дамыған қазақ жерінің батыс аймағында дүниеге келген ұлт мақтаныштары ғасыр саңлағы, күйші Дина Нұрпейісованың, Қазақстанның халық жазушысы Х. Ерғалиевтың, Қазақстанның халық әртістері Р. Ғабдиевтің және Қ. Ахмедияровтың биылғы мерейтойларымен ұштастырылып отыр.

Көрме аясында «Құрманғазы» поэмасын алғаш толғаған Х. Ерғалиевтың ерекше домбырасының көшірмесі  ҚР Ұлттық музейіне сыйға тартылды.

ҚР Ұлттық музейінде ашылғалы жатқан экспозициялық залда Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорындағы республиканың әр өңірінен жинақталған күй мұхитының жүрдек кемесі атанған домбыралар коллекциясының тамаша үлгілері мен қазақтың біртуар ұлдарының қолданған домбыраларының насихатталуы кейінгі жас ұрпаққа тағылымы зор шара. 

Іс-шараға мәдениет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Дина Кенжеқызы 1955 жылдың 31 қаңтарында 94 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.

Балжан Нұрпейісова әжесінің соңғы күндері туралы былай дейді: «Ол кісі өле-өлгенше сөзінен жаңылысқан емес.

Киелі қара домбыраны бала кезінен серік етіп, құдіретті өнеге тұтқаны соншалық, көз жұмарының алдында бес-он минут бұрын өзінің төсегінің тұсында ілулі тұрған домбырасын алдырып, мәпелей сипап, аялай қағып, Құрманғазының «Қайран шешем» күйін шертті.

Әлсіз саусақтары икемге келмей жатса да, күйді көкірегінде жаңғыртып жатып дүниеден озды».