«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасында меморандумға қол қойылды

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен БҰҰ Балалар қоры меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық шеңберінде жасөспірімдер мен жастарды қолдауға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыру жоспарлануда.

Меморандумға сәйкес тараптар Қазақстандағы жастар саясатын дамыту, жастар ресурстық орталықтарының қызметін одан әрі дамыту және жетілдіру, жасөспірімдер мен жастардың дағдысы мен құзыретін қалыптастыру бойынша орнықты модельдер құру, жастар қызметкерлерін оқыту және жастар ресурстық орталықтарын көбейту, белсенді серіктестік пен менторлық қолдауды көтермелеу, сондай-ақ зерттеу жұмыстарын жүргізуде ынтымақтастық сияқты түйінді бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасасуға және күш-жігерін кооперациялауға уағдаласты.

Ынтымақтастықтың негізгі векторларының бірі осал топтағы жастар мен жасөспірімдердің мүмкіндігін кеңейтуге және олардың әлеуметтік салада новаторға айналуына бағытталған Samgau (Upshift) жобасын іске асыру болады. Samgau – бұл БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бағдарламасы. Осы кешенді бағдарлама аясында өмірлік дағдыларды нығайту бойынша онлайн-тренингтер, инновациялар бойынша практикалық семинарлар, тәлімгерлік және дайын шешімдерді басқару арналған шағын гранттар қарастырылған. Оқытудың ең жаңа эмпирикалық әдістерін қолдана отырып, бағдарлама жастар мен жасөспірімдерді жергілікті қауымдастықтарда туындайтын мәселелерді анықтауға, зерттеп, түсінуге және өнімдер немесе қызметтер түрінде тиімді шешімдер жасауға үйретеді.

Бүгінде еліміздің 6 өңірінде (Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстары және Алматы қаласы) Жастар ресурстық орталықтары базасында Samgau жобасы іске асырылуда. Екі цикл аясында жобаға 1 мыңнан астам жас азамат қатысты. Өмірлік маңызы бар дағдыларға үйрету бойынша 30-дан астам семинар, 2 онлайн буткамп өткізілді, қазірдің өзінде 13 команда шағын грант алып, өз жобаларын іске асыруда. Сондай-ақ жобаға 11 мектеп қатысуда.

1 шілдеде Алматы қаласындағы Алмалы жастар ресурстық орталығында «Samgau Digital» кеңсесінің ашылуына Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары В. Ващенко, «Жастар» ҒЗО басқарма басшысы Н. Наурызбаев және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Осы жобалық кеңседе ақысыз негізде өмірлік дағдыларды дамыту, шешім қабылдау, мақсат қою, уақыт басқару, сыни, шығармашылық және креатив ойлау, коммуникатив және көшбасшылық дағдылар, ынтымақтастық және командалық жұмыс сияқты модульдер бойынша қызметтер ұсынылады.