Colorit деген кім?

Танымал ресейлік Black Star және Sony Music лейбл ұсыныстарының иесі Арыстан Абильдин тағы да жүлделі оралды.

Отандық ақпарат құралдары беттерінде қазақстандық әнші, «100 жаңа есім-2021» жобасының жеңімпазы, Colorit лақап атымен белгілі болған Арыстан Абильдиннің TikTok ұйымдастырған халықаралық байқауда топ жарғаны сүйіншіленді.

Кавері әлемдік Shazam тізімінде жүрген Арыстан Абильдин бұл байқауға тек Қазақстанның ғана атынан емес, тұтас ТМД-ның атынан қатысқан. 

Халықаралық байқау 8 шілде күні онлайн форматта өтті. Қазақстандық әнші әділқазылардан ең жоғарға бал алып, байқау жүлдесін қанжығасына байлады. 

Colorit орындаған интроның негізі Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнімен қаланған. Ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған әсем әуен ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық.

Оқырман назарына мерейімізді асырған, халықаралық байқаудың жүлдесіне ие болған туындыны ұсынамыз: