Қаржы жоспарлау процесіндегі негізгі 5 қадам

Төменде қаржы жоспарлау процесінің негізгі бес қадамы ұсынылған.

Бүгінде нарықта қаржылай табысқа, қауіпсіздік пен байлыққа жету жолында ақшаңызды жұмсап, қарызға алуды ұсынатын толассыз хабарламалар өте көп. Олардікі бос әурешілік, өйткені сіз оған ілеспейсіз. Бұл хабарламалар қаржылық өмірін енді бастағандарды өзіне еліктірері анық.

Шығынды дереу қанағаттандыру оңай шаруа емес. Ақиқатында, тұтыну несиелерін шамадан тыс алу және қаражатты мөлшерден көп пайдалану қаржылай табысыңызға айтарлықтай әсер етеді. Шындығында, сол қаржыға қатысты шешімдер тек «сіздің» қолыңызда. Үнемі қалтаңыз көтермейтін заттарды сатып алуға әуес болғаныңыздан сіздің қандай адам екеніңізді аңғаруға болады.

Қаражатты жұмсаудың дұрыс және бұрыс  жолы бар. Біздің айтып отырғанымыз – бұрыс жол. Айтылған дүние сізге қатысты болса, қаржыға қатысты оңтайлы шешім қабылдауды үйренгеніңіз жөн. Көп адам бай болудың кілті адамның табысына немесе мұрагерлікке ие болуына байланысты деп ойлайды. Шын мәнінде, ол дәулетіңізді арттыруда дұрыс шешім қабылдау қабілетіңізге тікелей байланысты.

Кітаптағы ең негізгі ой – табысыңыздың бір бөлігін жинақтап, үнемдеп, достарыңыз сатып алған әрбір жаңа дүниеге қызықпай, «көрпеңе қарай көсілгеннің» жөн екенін түсіндіру.

Қаржылай табысқа жету үшін қатаң тәртіпке бағынып, қызыққан нәрсеңізден бас тартуды, барға қанағат етуді, яғни дұрыс шешім қабылдауды үйренгеніңіз дұрыс. Жеке өміріңізде қаражатыңызға қатысты көп қателікке бой алдырмай, бірнеше дұрыс шешім қабылдасаңыз жеткілікті.

Жеке қаражатыңызды ақылмен жұмсау үшін ақылды болу міндетті емес. Тиісті жоспар әзірлеп, оны ақылға салып жүзеге асыру арқылы табысқа жете аласыз. Қаржы жоспарлау үшін мына бес қадамға көп көңіл бөлгеніңіз абзал:

  • Біліміңіз бен карьераңызға қатысты қаржылық жағдайыңызды бағалау;
  • Қаржылық мақсаттарды анықтау;
  • Мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін іс-қимыл жоспарын әзірлеу;
  • Мақсатқа жетудегі ілгерілеуді қадағалау мен бақылау үшін ұдайы шығындар жоспарын әзірлеу және оны жүзеге асыру;
  • Қаржылық прогресті қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізіп отыру.

Е.Томас Гарман мен Рэймонд Е.Форгтың «Жеке қаражат» оқулығынан