100 жастағы журналист

Бүгін, 23 шілдеде Алматы қаласындағы «Достық үйінде» Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ардагер журналист Ханымбүбі Ақжолованың 100 жасқа толуына байланысты мерейтой иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Алғыс хатын табыстады.

Кеңестік «қызыл журналистика институтының» түлегі – қазіргі ҚазМУ-дің филология факультетінде ашылған журналистика бөлімінің алғашқы қарлығаштарының бірі – алматылық Ханымбүбі Ақжолова күні кеше 100-ге толды.
Еңбек жолын 1949 жылы оқу орнын тәмамдаған соң, республикалық «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінде тілші болып бастаған.
«Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері» құрметті атағын қаламгер осыдан жарты ғасыр бұрын, яғни 1971 жылы зейнет жасына жеткенде иеленген екен.
Өз кезегінде Ханымбүбі Ақжолова Мемлекет басшысының ыстық ықыласты құттықтауына ризашылығын білдіре отырып, «Бір ғасыр биігінде» атты жаңа кітаптың бір данасын Президентке жолдады.