Қазақстандықтар жұмыс істемесе, немен айналысатын еді

GorodRabot.kz бос жұмыс орындарын іздеу жүйесі қазақстандықтар ақшаға мұқтаж болмаса, жұмыс істегілері келе ме екенін білу үшін Қазақстан тұрғындары арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес қазақстандықтардың басым бөлігі, яғни - 26%-ы егер жұмыстан кету мүмкіндігі пайда болса, бірақ тұрақты табысы болса, бизнеспен және өз жобаларын дамытумен айналысатынын айтты.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша 1000 адам қатысты. Зерттеу 2021 жылдың 12 шілдесінен 18 шілдесіне дейін жоғарыда атап өткен сайтта және оның әлеуметтік желідегі парақшаларында жүргізілді.

Сауалнамаға қатысқандардың 26%-ы бизнеспен айналысуды жоспарлаған. Қазақстандықтардың тағы 20%-ы өмірін сүйікті ісіне арнағысы келеді.

Сауалнамаға қатысушылардың қалған 20%-ы, егер олардың тұрақты пассивті табысы болса, өмірін саяхаттауға арнамақ.

Қазақстандықтардың 16%-ы уақытын отбасына арнайтынын айтса, сауалнамаға қатысқандардың 18%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналады.

Қазақстандықтар 2021 жылдың жазында қанша табыс табады?

Статистикаға сәйкес, 2021 жылдың жазында қазақстандықтардың орташа табысы 154 600 тенгені құрайды.

Қазақстанда барлығы 11 783 бос жұмыс орны ашылды. Ең көп жұмыс Нұр-сұлтан мен Алматыда. Қазақстандық еңбек нарығының жұмысқа орналастыру ұсыныстарының 51%-ы осы қалаларда.

Қазақстанда 2021 жылдың жазында жылдам жұмыс тапқыңыз келсе көлік және логистика, сауда және сату саласындағы бос орындарға, жұмысшы және әкімшілік персонал саласындағы ұсыныстарға назар аударыңыз. Аталған салаларда қазір қызметкерлерге сұраныс жоғарылаған.

200 000 теңгеден басталатын жалақы құрылыс және жылжымайтын мүлік саласының мамандарына, ақпараттық технологиялар саласында және топ-менеджерлерге жиі ұсынылады.