Олимпиадада алтын алған қазақ спортшылары

Олимпиада. Спортшылардың бағы мен бабын сынайтын үлкен ойын.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан жазғы олимпиада ойындарына 7-рет қатысып отыр. 7 жазғы, 7 қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынында қанша алтын бар, олар кімнің еншісінде? Сөз осы жайлы.

Қазақ спортшылары 14 Олимпиадада (биылғы 3 қола да есепке алынды) 80 медаль алған екен. Соның 16-сы алтын. Қазақ бөркін аспанға атқызып, туымызды көкке көтергендер тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

Владимир Смирнов 1964 жылы, 7 Наурызда Щучинск қаласында дүниеге келген.  Шаңғы спортынан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы. Қазақстанға қысқы Олимпиадаларда жалғыз алтын әкелген спортшы.

Юрий Мельниченко 1972 жылы, 5 маусымда дүниеге келген. Грек-рим күресінен 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиаданың чемпионы.

Василий Жиров 1974 жылы, 4 сәуірде Балқаш қаласында дүниеге келген. Бокстан (81 келіге дейінгі) 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиаданың чемпионы.

Александр Парыгин 1973 жылы дүниеге келген. Бессайыстан 1996 жылғы XXVI Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Бекзат Саттарханов 1980 жылдың 4 сәуірінде Түркістан қаласында дүниеге келіп, 2000 жылдың 31 желтоқсанында өмірден өткен. Қазақ боксшысы. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы.

Ольга Шишигина 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген. Жеңіл атлетикадан 2000 жылы Сиднейде өткен олимпиаданың чемпионы.

Ермахан Ыбрайымов 1972 жылы, 1 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Боксшы. XXVII Олимпиада ойындарының 71 келіге дейінгі салмақтағы чемпионы.

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген. 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы.

Бақыт Сәрсекбаев 1981 жылы, 29 қарашада Павлодар қаласында дүниеге келген. Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы.

Алла Важенина 1983 жылы, 29 мамырда дүниеге келген. Ауыр атлетикадан Пекинде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Серік Сәпиев 1983 жылдың 16 қарашасында Абай қаласында дүниеге келген. Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан 2012 жылы Ұлыбританияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы.

Ольга Рыпакова 1984 жылы, қарашаның 30-ында Өскемен қаласында дүниеге келген. 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен Олимпиаданың алтын медаль иегері.

Александр Винокуров 1973 жылы, 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Велошабандоз. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Данияр Елеусінов 1991 жылы, 13 наурызда Қазталов ауданында дүниеге келген. Боксшы. 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Дмитрий Баландин 1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген. Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Олимпиада ойындарында 200 метр браспен Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медаль алып берген спортшы.

Ниджат Рагимов 1993 жылы, 13 тамызда дүниеге келген зілтемірші. 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.